Мүлікті жария ету акциясы аяқталуда!

Мүлікті жария ету акциясы аяқталуда!

Кірістер мен шығыстар жалпыға бірдей декларациясының дайындалу қарсаңында қазіргі уақытта мүлікті жария ету акциясы өткізіледі.

Мүлікті жария ету – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі.

Мүлікті жария ету субъектілері- Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.

Жылжымайтын мүлікті жария ету Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияға жария ету субъектілері мынадай құжаттарды тапсырады: белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті; өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін; объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестегі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын; жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты.Комиссия осы құжаттарды қарап жария ету туралы шешім шығарады немесе бас тартады.

Осы уақытта, Ақмола облысы бойынша жария ету жөніндегі комиссияларға 2084 өтініш келіп түсті.

Мүлікті жария ету акциясының мерзімі аяқталуда екеніне назар аударамын.

Аудандық (қала) әкімдікте құрылған мүлікті жария ету жөніндегі комиссиялар құжаттарды қабылдауын 2016 жылдың 30 қарашада аяқтайды, ал акция осы жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Өз мүлкіңізді заңдастыруға асығыныз, мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз.

Қазақстандық заң одағының мүшесі,

Ақмола облысы Әділет департаментінің

бөлімі басшысы Ж. Жакулина

15:51
603
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!