​Елбасының стратегиялық жоспары – еліміздің жаңғыруы мен сот жүйесінің пәрменді дамуы

​Елбасының стратегиялық жоспары – еліміздің жаңғыруы мен сот жүйесінің пәрменді дамуы

Жаңару мен жаңғырудың даңғыл жолына түскен Қазақстан ширек ғасырдың ішінде бүкіл әлемге қуатты, дамыған, ынтымағы жарасып, ырысы артқан мемлекет ретінде танылды. Елбасымыз ендігі кезекте барша қазақстандықтың алдына осы береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекіте түсуді басты мақсат етіп қойып отыр. Президенттің мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөніндегі Үндеуі соның жарқын бір көрінісі.

Елбасы ұсынған жаңа бағыт мемлекеттігімізді одан әрі нығайтуға және биліктің барлық тармақ­тарының жауапкершілігін күшейтуге арналған. Күшті президенттік билікті сақтай отырып жүргізілетін мұндай ре­форма еліміздегі саяси тұрақтылық пен одан әрі өсіп-өркендеудің берік кепілі болады.
31 қаңтарда Елбасының жыл сайыңғы Жолдауы жарияланды. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында жаңа дәуір қарсаңында еліміздің одан әрі дамуының көз қарасы айтылған.
Елбасы, бесінші басымдық – институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес деп белгіледі. Ақмола облысының судьялар қауымдастығы мен облыстың сот жүйесінің қызметкерлері Президенттің Жолдауын толықтай қолдап, құқық үстемдігін және барлығының заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етумен азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталған тапсырмаларды орындауға кірісті.
Елбасы әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіріп, кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендетіп, қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылтуға тапсырма берді. Бұл барлық қадамдар бас бостандығынан айырылғандардың санын азайтып, бизнесті дамыту мен қолдауға ықпал етіп, еліміздің экономикасын нығайтады.
Мәселен 2016 жылы Ақмола облысының соттарымен татуласу келісімін жасауына байланысты 349 азаматтық іс қысқартылды. Медиатордың қатысуымен 133 қылмыстық және 326 азаматтық іс қаралды. Партисипативтік рәсімді қолданумен 8 азаматтық іс қаралды. Азаматтық істер бойынша сот төрелігінің сапасы 0,8%-ға, әкімшілік істер бойынша 0,3%-ға жақсарды.
Облыстық соттың сот алқасының 2015 жылмен салыстырғанда азаматтық істер бойынша сапасы 5,6%-ға, әкімшілік істер бойынша 1,6%-ға жақсарған.
Облыс соттарының негізгі жұмыс көрсеткіштері Ақмола облысының мамандандырылған соттары мен Көкшетау қалалық сотының жұмыс сапасымен тікелей байланысты.
Мамандандырылған экономикалық сотының судьялары жоғары кәсіби деңгейде даралануы керек, себебі ол сотта экономикалық даулар – ең қиын санаттағы істер қарауға жатады. 2015 жылмен салыстырғанда экономикалық сотпен сот төрелігін атқарудың сапасы 2016 жылы жақсарған. Экономикалық сотпен медиация институтын қолданумен 33 іс қаралды.
Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2016 жылы түскен істердің саны 20%-ға жуық ұлғаюна қарамастан сот төрелігін атқарудың сапасы жақсарған. Сотпен өкілетті органдардың тарапынан анықталған бұзушылықтар бойынша ескерту түріндегі шығарылған жеке қаулылармен қабылданған шаралардың нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастырудың сапасы жақсарды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оң нәтиже көрсетіп, судьялары 2016 жылы қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін атқарудың сапасын 100%-ға жеткізді.
2016 жылы Көкшетау қалалық сотымен қылмыстық істер бойынша сот төрелігін атқарудың сапасы 2015 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға жақсарған. Азаматтық істер бойынша да сот төрелігін атқарудың сапасы жақсарған.
Қазақстан Үшінші жаңғыруды өте отырып, 30 дамыған елдің қатарына кіру қажет. Елбасы Қазақстандықтарға өз Жолдауында осындай мақсат қойған. Осы мақсатқа жету үшін Президент бес негізгі басымдықтарды көрсетті.
Бірінші басымдық - цифрлық технологияларды қолдану сот жүйесіне де қатысы бар. Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың соттарға деген сенімділігін арттыру мақсатында, сот ісін жүргізуде жаңа электронды технологияларды қолдануды дамыту қажет – деді Елбасы.
Сот төрелігін атқару бойынша жұмысты оңтайландырудың басым бағыттарының бірі, ол сот ісін жүргізуде ашықтықты қамтамасыз ету және электронды ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесінің алдында 11 тапсырма қойылған. Олардың біреуінде барлық сот процестеріне міндетті түрде аудио және бейне тіркеу жүйесін енгізу көзделген. Бүгінгі таңда республиканың және облыс бойынша барлық сот отырысы залдары 100% аудио және бейне тіркеу жүйесімен жабдықталған.
2016 жылы электронды түрде «Сот кабинеті» арқылы облыс соттарында 36 145 құжат, оның ішінде 22 088 талап-арыз тіркелген.
Сот ісіне қатысушыларды электронды хабарлау тиімді жұмыс істеуде.
«Әкімшілік істерді жолдау» сервисі арқылы электронды түрде 14 062 әкімшілік іс жолданып тіркелді.
Сот жүйесіне қазіргі замаңғы технологияларды енгізу мен қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, қағаз бастылық кедергілерді жояды. Сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтып, сыбайлас жемқорлықты болдыртатын себептерді азайтуға септігін тигізеді. Азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеп, еліміздің азаматтары үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Судьялар қауымдастығы еліміздің одан әрі жаңғырту бойынша тапсырмаларды орындауға өздерінің үлесін қосу керек, себебі, судьялар қауымдастығы Қазақстан халқының игілігі мен гүлденуі үшін іске асырылатын Президенттің жаңа бастамалары табысты болатынына сенімді.


Ерлан Жанәділов,

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі
сот алқасының төрағасы
09:43
867
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!