Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету туралы

Мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету туралы

2018 жылдан бастап әдеп жөніндегі уәкіл жаңа институты енгізілген.

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші.

Жүктелген функцияларға сәйкес, менімен әдеп жөніндегі уәкіл ретінде жұмыс жоспары, байланыс деректерімен бірге мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдаудың кестесі жыл сайын бекітіледі. Осы ақпарат Ақмола облыстық сотының сайтында және «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшада жарияланған.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері және мамандарымен, Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, мамандарымен алдын алу және түсіндіру іс-шаралары тұрақты негізде жүргізіледі.

2019 жылдың бірінші тоқсанында бір мемлекеттік қызметші жеке қабылдауда болды, Зеренді аудандық сотында жеке әңгімелесулермен бірге шығып өткізілген кеңесі, құрылымдық бөлімшелердың басшыларымен екі жедел кеңес, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мамандарымен, аудандық және оларға теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілерімен «дөңгелек үстелдер» өткізілді. Бейнеконференцбайланыс арқылы аудандық соттардың кеңсе меңгерушілері және мамандарымен екі семинар сабақ жүргізілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде мемлекеттік қызметшілердің зиялы қауымның белгілі өкілдерімен, спортшылармен, аймақтардың құрметті азаматтарымен «development day», «ой-талқы» нысандарында мемлекеттегі және қоғамдағы өзекті мәселелерді, трендтерді талқылау бойынша кездесулерді тұрақты негізде ұйымдастырып, өткіземін.

Осындай кездесулердің біріне Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі Д.Хайруллин шақырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер үшін елдің, аймақтың киелі жерлері, тарихи-мәдени мұраның ескерткіштері бойынша, мұражайларға экскурсияға бару ұйымдастырылады. Мемлекеттік қызметшілерді мәдени-қоғамдық өмірге, оның ішінде республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі спорттық іс-шараларға тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Қаңтар-ақпан айларында Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен мамандары Мәлік Ғабдуллин атындағы және Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайларына барды.

Жастар жылы аясында 2019 жылдың ақпанында сот жүйесінің мамандары және олардың отбасылары үшін қысқы спартакиада өткізілді.

2019 жылдың наурызында Соттар әкімшісінің мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың мамандары Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясына концертке барды. 2019 жылғы 24 наурызда Соттар әкімшісінің бөлімдерінің басшылары, мамандары мен аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері, мамандары «Cinema Alem» кинотеатрына барып, «Қазақ хандығы – Алтын тақ» фильмінің тұсаукесерін тамашалады.

Ұсынылатын әдебиеттің тізімі тұрақты негізде қалыптастырылып, облыс соттарының барлық мемлекеттік қызметшілеріне жолданады.

Қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың, сонымен қатар ұжымда моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйінің мониторингін жүргізу мақсатында жасырын сауалнама арқылы ішкі әлеуметтік зерттеу тоқсан сайын жүргізіледі.

Жалпы Соттар әкімшісімен Ақмола облысының аудандық және оған теңестірілген соттарындағы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің жүргізілген әлеуметтік зерттеуінің нәтижелері ұжымда моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйімен қанағаттанарлық, сонымен қатар мамандармен қызметтік әдеп нормалары сақталатындығын көрсетеді.

Сайра Шуақпаева,

Ақмола облысы бойынша

Соттар әкімшісі басшысының орынбасары,

әдеп жөніндегі уәкіл 

11:23
1215
Нет комментариев. Ваш будет первым!