Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Тілі бірдің тілегі бір

Тілі  бірдің  тілегі  бір

Қазақстан тәуілсіздік алғалы ұлтымыздың дәстүрлі мәдениетін қалпына келтіріп, тарихи және рухани мұрасын түгендеп, оны ел игілігіне қайтару жолында мемлекеттік және жеке ұйымдардың бастамасымен біраз іс-шаруалар атқарғаны белгілі. Әлеуметтік және экономикалық жағынан қарасақ еліміз көп жетістіктерге жетіп, дүниежүзіне танымал елдердің қатарына қосылды.

Еліміз бұдан былай алға бағыттап дамуының негізгі қадамдары 2050 жылына дейінгі арнайы бекітілген ұлттық стратегиялық бағдарламасында көрсетілген. Соның ішінде қоғам алдына белгіленген алғашқы мәселелерінің бірі болып мемлекеттік тілді одан әрі дамыту жоспарлары қойылған.

Еске түсірсек, еліміз тәуелсіздік жолына жаңа ғана түсіп алғашқы қадамын жасайтын кезде Елбасы «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп тілдік даму көкжиектерін анықтап берген еді. Осыған орай жыл сайын мемлекеттік тілдің дамуына бюджеттен арнайы қаржы бөлініп тұрады.

Еліміз егемендік алғанына отыз жылға таяу уақыт өтсе де тіл мәселесі күні бүгінге дейін өзекті мәселелердің бірі болып әлі де қалып тұр. Басқа салаларда бұл мәселе қалай шешіліп жатқанын қозғамай тұрып, тек сот жүйесінде мемлекттік тілді бұдан әрі дамыту мақсатында атқарылып жатқан шараларға назар аударсақ қолдан келетін біраз нақты жағдайлар іске асырылып жатқаны туралы айтуға болады.

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында жоспарлаған шаралар бойынша Бұланды аудандық сотында прокуратура, қорғаушылар, медиаторлар, сот орындаушылар және мемлекеттік мекемелердің басшылары мен олардың заңгерлері қатысуларымен бірталай кездесулер мен дөнгелек үстелдер және ай сайын «Ашық есіктер», тағы басқа да шаралар жиі өткізіліп келеді. Аудан және облыстық бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде осы тақырып бойынша бірнеше материалдар да жарияланды.

Қайтсек те, өкінішке орай, Бұланды аудандық сотында қандай шаралар қолданса да мемлекеттік тілде қаралған істердің саны өте төмен көрсеткіште қалып тұр. Бұны да түсінуге болады. Заң бойынша сот азаматтардың сотқа жүгінген талап арыздары қандай тілде келіп түссе, оларды сол тілде қарайды. Оны сот өз еркімен өзгерте алмайды, тек кейбір жағдайларда ғана талапкерлер мен жауапкерлердің қалауы бойынша іс өндірісінің тілі сот ұйғарымымен өзгертілуі мүмкін. Бірақта, бұндай да істердің саны әлі өте аз.

Неліктен неге біз тәуелсіз қазақ елінде өз ана тілімізді толық пайдаланбай отырмыз? Жалпы былай қарасақ, Бұланды ауданы қазақи елі ретінде ежелден бері саналады. Оның тұрғындарының ішінде жергілікті ұлт өкілдерінің саны да жылдан жылға көбеймесе азаймаған. Ал, аудан әкімдігінен бастап барлық мемлекеттік мекемелеріне дейін басшылық жасап отырғандардың бәрі де жергілікті ұлт өкілдерінен тағайындалған. Бұланды ауданында орналасқан құқық қорғау органдарының құрамдарында қызметтегілер жүз пайызға таяу қазақ ұлтынан тұрса, заң кеңсесіндегі қорғаушылар мен ауданда қызмет етіп жатқан сот орындаушылар тек жергілікті ұлттың өкілдірі. Бұндай жағдайда тіл мәселесі бойынша ешбір сұрақ болмауға тиісті.

Сот тәжірибесіне оралсақ, бірнеше әкімшілік не азаматтық істерді қарауға кірісер кезде мынандай сұмдық жағдаймен кездесуге болады. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғалар сот алдында өздеріне қатысты орыс тілінде толтырылған хаттамаларда не жазылып, не көрсетілгенін олар сол тілді білмегендігінен түсіндіріп бере алмай жатады. Соттың, неге істі өздері білетін тілде жүргізуді қаламағандары деген сұраққа, олар хаттама жасаған лауазым дұрыстап заң бойынша қандай құқықтары бар екендігі туралы түсіндірмегендігін айтады. Сондай-ақ, азаматтық істер бойынша да кейде осындай жағдайлар кездеседі. Заң кеңсесі орыс тілінде жазып берген арыздарда қандай талап қойылғандығын түсінбей тұратын талапкерлер де аз емес. Бұның бәрі осылай болғаны десек, жауабы – өз ана тілімізге дұрыс көңіл аудармағандықтан ғана емес, оны қадірлемегендіктің нәтижесі деп те айтуға болады.

Қазақ қазақ болғалы, ғасырлар бойы басына қанша қиыншылықтар түссе де өз тілін құрметтеп өркендетіп қазіргі күнге дейін сақтап келген. Әрине, бұл біздің ата-бабаларымыздың ержүректілігі және туған еліне деген намысы мен сүйіспеншілігі молынан асқандығының арқасында болған жағдай. Тілі бірдің тілегі бір дегендей біздің бүгінгі мақсатымыз тілімізді сақтап, бұдан да әрі оны өркендетіп келесі ұрпақтарға жеткізіп табыс ету.

Қазақстан Республикасы Ата Заңымен еліміздің мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі бекітілген. Оған сай басқа да, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жүргізу заңнамаларында сотта іс қазақ тілінде жүргізіледі деп, ал қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады деп бекітілген. Сондықтан, қандай іс болса да ол алдымен мемлекеттік тілде жүргізілуге тиісті де тек қажет болған жағдайларда ғана басқа тілде жүргізілуі мүмкін. Бұны дұрыс қолданып, күнделікті жұмыс атқару барысында сақтауға әрбір лауазым міндетті. Сондықтан, басты мақсат - қандай іс болса да ол мемлекеттік тілде жүргізулуіне тиісті, тек қажет болғанда ғана оның өндірісі басқа тілге ауысуы мүмкін.

Қазіргі заманда басқа тілде сөйлеп үйреніп алудың ешбір қиыншылығы жоқ. Бірақта, қандай тілде сөйлеуге еркіміз жетсе де өз ана тіліңе ештеңе жетпейді, оған сый-құрмет көрсетіп келесі ұрпаққа жеткізуге біз міндеттіміз.

Бұланды аудандық сотының

судьясы Б.Ахметжанов

10:08
950
Нет комментариев. Ваш будет первым!