Билердің қызметі

Билердің, еңалдыменәділшешімшығаруменатышығып, соларқылыатағыаспандайтыныөтірікемес. Қазақ даласында олар тағайындалмаған да, сайланбаған да. Өзінің білгірлігімен, даналығымен аты шығып, аты ауызға ілігіп, халықтың ойынан шыққан. Олар халық арасында тек жеке қасиеттерімен ғана танылып қоймай, бірнеше сатылардан тұратын сыннан сүрінбей өту керек болған. Билер екі жақтың да дәлелдемелерін әбден тыңдап болған соң ғана өзінің әділ шешімін жариялаған және ол шешім міндетті түрде орындалған». Бұл арада «шешім міндетті түрде орындалған» деген сөзге ерекше назар аудартқым келеді. Қазірде жұрт билерді тек қана судьялардың орнына қоюға бейім. Алайда, сол кездегі билердің міндеті сан салалы болғаны анық. Бидің өзі де, билігі де түп-тамыры халық тарихына байланысты. Сол себепті ол беделді, дәстүрлі билік қатарында болды». Би қазақтың құқықтық дәстүрлерінің сақтаушысы ретінде көрініс тапқан. «Сонымен қатар, би – Ұлы дала құқығын еркін талқылаушы, әрі оның нормаларын қоғам өзгеруіне сай қолданушы». Биге «құқықтық дәстүрлерді сақтаушы» деп сипаттама беруі оларды прокурорлық қадағалау қызметіне тіпті жақындата түседі. Яғни, олар дала ережелерінің сақталуы мен мүлтіксіз орындалуын қадағалап отырған. Иә, шындық пен әділдікке жету қазақ құқығының, оған негізделген билердің соттық шешімдерінің түпкі негізі, түпкі мақсаты саналғаны ақиқат нәрсе. Билер сотында қазіргі сот процесіне қатысушылардың, яғни сот, прокуратура, адвокатура элементтерінің бәрі де болғаны даусыз. Билер осы функциялардың бәрін атқарып отырған. «Ертедегі бір бидің өзі осы күнгі соттың да, прокурордың да, милицияның да, қаншама мекеме, ұйым басшыларының да қызметін атқарып келген ғой», деген сөзі шырайы келген шындық. Билер сотындағы әділдікке жетудің үлкен бір жолы сайысушылық процесі болды. Яғни, шындыққа жету жолында сөз таластыру. Алайда, сөз сайысында билер қызыл тілдің қыздырмасына бой алдырып, беталды сөйлей бермеген. Олар сөздің дәмінен, мәселенің мәнінен ешуақытта айырылмаған. Дала заңдылығының қайнар көзі ұлттық салт-дәстүрлер десек, осыған сай заң нормаларына сүйенген билер көркем сөзбен, кестелі оймен қаралып отырған дау-дамайды рет-ретімен тарқатып беріп отырған ғой. «Билер соты қазақ халқының салт-дәстүрлерінен бастау алады. Жұртшылықтың сый-құрметіне ие болған адам ғана би атанған.
Көкшетау қалалық сот кеңсесінін
бас маман сот мәжілісінің хатшысы
А. Ибраев