Қазақстан Республикасындағы тергеу судьясының өкілеттіктері
2015 жылдың 1 қаңтарынан жаңа қылмыстық-процестік кодексi Қазақстан үшін қолайлы роман-германдық мемлекеттер құқықтық жүйесінің қылмыстық процестік заңнамасының тәжірибесін алып, ол өз кезегінде қылмыстық қудалау органдарындарының процессуалдық қызметі мен адамның және азаматтардың бостандықтары, конституциялық құқығына жаңа процессуалды кепілдіктерді құруға мүмкіндік берді. Мұндай жаңа кепілдіктер ішіне жаңадан құрылған қылмыстық соттың институты енгізілді.
Тергеу судьясының мазмұны мен оның қылмыстық процесте азаматтардың еркіндігі мен құқығын қорғауды соттық бақылау кезіндегі механизмін зерттеу, тергеу соты институтының қылмыстық жүйеде алатын орны маңызды екенін көрсетті.
Заманауи әлемде тергеу судьясының мәні қылмыстық және қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің тікелей функцияларымен тікелей байланысты емес, сонымен қатар қылмыстық қудалау органдарының лауазымды тұлғаларының іс жүргізу әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз ету және олардың іс-әрекеттерін қарастыру сияқты юрисдикциялық сот органы ретінде қарастырылады.
ТМД елдері арасында тергеу соты лауазымы алғаш рет Украинада 2012 жылы жаңа ҚПК қабылдануымен байланысты енгізілді.
Балтық жағалауы елдерінде қылмыстық процестің сотқа дейінгі қызметін азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында кең ауқымды билік берілген, арнайы мамандандырылған судьялар атқарады.
Ресейде тергеу судьясының жоқтығына қарамастан, жедел соттық бақылаудың аумағы азаматтардың құқықтарын шектейтін бірқатар жасырын тергеу әрекеттерін қамтиды, оларды сот рұқсатынсыз жүзеге асыруға мүмкін емес.
Қазақстанда қылмыстық іс жүргізу заңнамасын және басқа да құқық салаларын реформалау Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2010-2020 жылдар мерзіміндегі тұжырымдамасында қарастырылған.
2018 жылдың 16 қаңтарында Мемлекет басшысы 2018 жылдың 31 шілдесінде өз міндеттерін атқара бастаған, Қазақстанның облыс орталықтарында мамандандырылған тергеу соттарын құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Тергеу соты Конституцияға және сот жүйесі мен Қазақстан Республикасы сот мәртебесі туралы конституциялық заңға сәйкес сот мәртебесіне ие.
Тергеу судьяларының өкілеттіктерін бірнеше санатқа бөлуге болады, ол:
- қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары бұзылуы мүмкін, тергеу іс-әрекеттерін санкциялау,
- анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) және шешiмдерiне келтірген шағымдарды қарау;
- қорғаушы жақ ұсынған дәлелдерді сотқа дейін алдын-ала зерттеуді қамтамасыз ету;
- Кодексте қажетті деп қарастырылған, өзге де іс жүргізу әрекеттерін орындау;
Бүгінгі таңда бұл институт өз орнында тұрмай, өзінің жаңғыруын жалғастыруда.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің іс жүргізу негіздерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 118-VI Заңына сәйкес тергеу судьясының өкілеттігі, атап айтқанда, жасырын тергеу әрекеттері бөлімінде айтарлықтай кеңейтілді.
Сонымен, 2018жылдың 1 наурызынан ҚПК-нің 231-бабының 1-6 тармақтарында қарастырылған жасырын тергеу әрекеттері:
1) орынды немесе адамды жасырын аудио және (немесе) бейне бақылау;
2) электро желілер (телекоммуникациялық) байланыс арқылы берілетін ақпараттарды ұстау және алуды жасырын бақылау;
3) бір-бірімен байланысқан абоненттер мен (немесе) абоненттік құрылғылар туралы жасырын ақпарат алу;
4) компьютерлерден, серверлер және басқа да ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау және өңдеуге арналған құрылғылардан ақпараттарды жасырын алу;
5) почта және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылау;
6) орынға жасырын кіру және (немесе) оны қарап-зерттеу тергеу судьясының санкциясы бойынша жүргізіледі, оны алудың тәртібі 234-бапта белгіленген.
Санкция тек осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген қылмыстар туралы хабарламалар мен шағымдар бойынша ғана беріледі.
Жасырын тергеу әрекеттерін өткізу туралы қаулы, оның шыққан мерзімінен жиырма төрт сағат ішінде берілген тергеу әрекеттерін жүргізу бойынша негіздеме материалдарымен бірге тергеу судьясына ұсынылады.
Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау сотқа тиісті қаулы келіп түскен сәттен бастап он екі сағат ішінде қаралады.
Қосымша материалдарын сұрату қажет болған жағдайда шешімді қарау белгіленген мерзімнен тыс уақытта, бірақ жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытта қаралады.
Егер ұсынылған қаулы негізсіз болса, онда тергеу судьясы оны санкциялаудан бас тартады.
Жасырын тергеу әрекеттеріне рұқсат беру кезінде берілген ақпараттың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда тергеу судьясы шешімді қабылдағаннан кейін, жиырма төрт сағат ішінде процессуалдық прокурорға оның заңдылығын тексеруді бастауды үсынуға құқылы.
Процессуалдық прокурор бес тәулік ішінде сәйкес тексеріс жұмыстарын жүргізіп, оның нәтижелерін тергеу судьясына хабарлауға міндетті.
Егер тексеріс кезінде жасырын тергеу амалдарын жүргізу туралы шешімнің заңсыз екендігін анықтаса, прокурор тергеу судьясына тиісті өтініш беруі керек
Жасырын тергеу әрекеттері прокурордың өтініші негізінде тергеу сотымен тоқтатылуы мүмкін.
Судьяға қатысты жасырын тергеу iс-әрекетiне рұқсат беру Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келiскен алдын - ала тергеу органының шешiмi бойынша Астана қаласының тергеу судьясымен санкцияланады.
Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты тергеу жүргізу жөніндегі қызметтік іс-әрекеттер, Астана қаласының тергеу судьясымен Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасарымен келісілген алдын ала тергеу органының қаулысының негізінде санкцияланады.
Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері ол аяқталғаннан кейін екі тәуліктен кешіктірмей уәкілетті прокурор хабарланады.
Сот жүйесін жетілдіру бойынша заңнамадағы өзгерістерге, оның ішінде тергеу судьясы мен сотқа дейінгі іс жүргізу кезеңінде өзгерістер енгізілгеніне қарамастан, санкциялау туралы материалдарды қарау кезінде тәжірибеде кездесетін проблемалық мәселелер әлі де болса кездеседі.
Даминов Раджаб,
Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі
сот алқасының төрағасы