Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына қойған міндеттерін іске асыру борышымыз

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына қойған міндеттерін іске асыру борышымыз

Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған әр бір Жолдауы өзінің мән мағынасымен, кезең-кезеңімен іске асырылуға жататын үлкен тарихи мәнге ие.

Ағымдағы жылдың 21 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ЕлбасымызН.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланып, жалпақ жұрқа кең таралғаны бәрімізге мәлім. Бұл мақалада жаста болса өзінің алдына ауқымды бағыт-бағдар қойған «Қазақ» деген Тәуелсіз Елдің кім екені туралы сұрақты тайға таңба басқандай болды. Және оған ешкімнің таласы болмауы керек. Соңғы уақытта біз қандай идеологияны насихаттайтынымыз туралы сұрақ жиі көтеріліп жүрген болатын. Рухани жаңғыру арқылы ұлттық кодымызды танып, әлемге өзімізді таныта білсек, «Ұлы даланың жеті қыры» арқылы біз айқындалу жолын нақты белгілеп алдық. Біздің халық - ғұндар мен сақтардың, түркі этностар тобының мұрагері. Біз кім екенімізді айқындап қана қоймай, бүкіл әлемге де белгі бердік. Әсіресе, қазір бұл өте маңызды.

ЕлбасымызН.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Ұлы Дала өркениетінің жеті бірегей тарихи жетістігін атап берді. Олар адамзаттың дамуына әсер еткен көшіп жүру мен ұрыс жүргізу тәсілінен бастап гүл және алма өсіруге дейінгі аспектілерді қамтыған. Алғашқысы адамның жылқы үйретіп, оған мінуі. Екіншісі ‑ Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы, яғни жоғары технологиялық білімді қолдануы. Үшіншісі ‑ аң стилі. Төртіншісі ‑ Алтын адамның мүсіні, сақ мәдениетінің бай мұрасын, дала тұрғындарының дүниетанымын бейнелейді. Бесіншісі ‑ замануи Қазақстанның жері түркі әлемінің бесігі екендігі ғылыми дәлелденгені туралы. Алтыншысы ‑ Еуразия халқының өмір сүруі мен дамуына орасан зор әлеуметтік-мәдени әсерін тигізген Ұлы жібек жолы. Жетіншісі ‑ бұл да ғылыми дәлелденген Қазақстанның таулы аймақтары алма мен қызғалдақтың отаны.

Еліміз тәуелсіздігін жарияланғаннан бастап өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде айқындап, дамудың осы бағытымен қалыптастырып бекітті. Әлеуметтік мемлекетті құрудың негізгі құқықтары мен қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасы қалануына Елбасының жыл сайынға Жолдауларының алар орны ерекше.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының жетінші бағытында тілге қатысты қалыптасып қалған күрделі мәселені шешу мақсатында Мемлекет басшысы нақты әрі жүйелі міндеті белгілеген. Латын әліпбиіне көшу арқылы дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне қосылуға жол ашылмақ. Елбасының айтуынша, мұндай қадам халықаралық терминологияда қалыптасып қалған сөздерді аударудағы мәселені шешуге тікелей көмектесетінін нақты айтқан. 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу мақсатында атқарылатын күрделі жұмыстар білім беру саласының барлық сатыларынан орын алмақ. Бұл реформа сөзсіз, қоғамдық сананың деңгейі мен қалың жұрттың белсенділігіне тәуелді.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 12 сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығарумыз қажет деп тапсырма бергені бәрімізге мәлім. Сондықтан, аталған уақытта жақындап қалғандықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алып, бастауымыз қажет.

Ерейментау аудандық

соттының төрағасы 

М.Ақышев

15:40
773
Нет комментариев. Ваш будет первым!