Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Дауларды сотқа дейінгі реттеу тәсілдері

Дауларды сотқа дейінгі реттеу тәсілдері

2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген жаңа ҚР АПК-нің 17-тарауында татуластыру рәсімдерін қолдану тетіктері қарастырылған. Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Жалпы қазіргі кезде ҚР Жоғарғы Сотымен судьялардың жүктемесін азайту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Солардың бірегейі жеке тұлғалардан алынатын салықтық берешекті өндіріп алу туралы сот бұйрықтары соттардың ведмоствалық өкілеттілігінен алынып, мемлекеттік кірістер басқармасының өздер салық бұйрығын шығару арқылы сотқа жүгінбей азаматтардан мемлекет алдындағы салықтық берешектерін өндіріп алуға жол ашылды.

Сонымен қатар Республикамызда азаматтық құқықтық қатынаста қаралып жатқан даулардың 70 пайызына тараптар дауласпайды. Яғни ол дауларға зайымдық келісім шарт бойынша борыштарды өндіріп алу туралы, коммуналдық берешектерді өндіріп алу туралы дауларды жатқызуға болады.

1997 жылғы 14 шілдедегі ҚР «Нотариат туралы» Заңында егер ұсынылған құжаттар берешектің немесе борышкердің өндіріп алушы алдындағы өзге де жауапкершілігінің даусыз екенін растайтын болса жеке нотариус осы заңның 92-1-бабының 1-бөлігінде көзделген тәртіпте;

- Нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемелерді орындау туралы;

- Орындау мерзімі жеткен және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген кінә қоюға жауапта мойындаған жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;

- Төленбеген вексельдің наразылығына, акцептінің болмауына және нотариус жасаған акцептінің күні белгіленбеуіне негізделген міндеттемені орындау туралы;

- Әке (ана) болудың анықталуына немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне байланысты емес кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге арналған алименттерді өндіріп алу туралы;

- Қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы;

- Іс жүзінде тұтынылған қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін жария шарттардың, сондай-ақ төлеу мерзімі жеткен, белгіленген тарифтерге сай көрсетілген қызметтер үшін өзге де шарттардың негізінде берешекті өндіріп алу туралы;

жалдау төлемдерінің жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты оларды өндіріп алу туралы;

- Жалдау төлемдерінің жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты оларды өндіріп алу туралы атқарушылық жазба шығарып, оны орындау жіберу көзделген. Жеке нотариустың атқарушылық жазбасы сот бұйрығының күшімен тең.

Дауларды сотқа жеткізбей реттеу мақсатында әр бір ауданда кәсіпқой медиаторлардың кеңсесін құрып, ол жерге тұрақты жұмыс жасайтын медиаторлық қызметті жүзеге асыруға құқық берілген лицензия негізінде кәсіпқой медиаторларды бекіту қажет. Соттарда талап қою іс жүргізу тәртібімен қаралатын бір қатар санаттағы дауларды сотқа дейін медиаторлық келісім жасауына ықпал етіп, медиатордың медиациялық келісім шарт жасаудан бас тартқаны жөнінде жазбаша бас тарту қағазы негізінде сотқа жүгінуді қолға алу қажет.

Отбасында туындайтын некеден ажырасу туралы дауларда егер ерлі-зайыптылардың араларында ортақ бала болмаған жағдайда сотқа жүгінбей АХАЖ бөлімінде неке шартын бұзуды. Бұл ретте тараптардың біреуі АХАЖ бөліміне келмеуі неке шартын АХАЖ бөлімі арқылы бұзуына кедергі келтірмеуі тиіс. Ерлі – зайыптылардың біреуі АХАЖ бөліміне кемінде екі рет шақырудан кем болмауын ескере кету қажет.

Дауларды сотқа дейін реттеуді баламалы тәсілі ретінде отбасылық, еңбек дауларын медиаторлардың қызметін ұтымды пайдалану қажет. Егер ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болып, неке шартын бұзатын жағдайда алдымен кәсіпқой медиаторларға жүгіну қажет. Ал егер медиативтік келісім бекітілмеген жағдайда ғана сотқа жүгінуді жүзеге асыру керек. Еңбек даулары бойынша алдымен келісім комиссиясының қарауына ұсынып, шешімін таппаса медиативтік келісімге содан кейін ғана сотқа жүгінуді заңмен реттеу керек.

Ерейментау аудандық

сотының кеңсе меңгерушісі 

Т.Бертанов

15:24
952
Нет комментариев. Ваш будет первым!