Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Сарманқұлұлы Әміровтің Жаңа жыл мерекесіне құттықтауы

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Сарманқұлұлы Әміровтің  Жаңа жыл мерекесіне құттықтауы

Сіздерді тарих есігін ашқалы отырған жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – қашан да әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен асқақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін бірлік пен берекеге, тұрақтылық пен татулық қанат жайған берекелі жыл болды.

Келер жыл тың шығармашылық ойларға, биік кәсіби жетістіктерге, керемет оң өзгерістерге, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғаларға, тамаша бастамалар мен оң шешімдерге толы болсын!

2019 жылда Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Жаңа жылда барлық армандар орындалсын!

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметпен,

Ақмола облыстық сотының төрағасы

Досжан Әміров

14:33
1484
Нет комментариев. Ваш будет первым!