Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Ұлы даланың мұрагері болу – зор жауапкершілік жүгін артады»

«Ұлы даланың мұрагері болу – зор жауапкершілік жүгін артады»

2018 жылдың 21 қарашасы күні бұқаралық баспасөз бетінде жарық көрген Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы мені, мемлекеттің сот саласы қызметкерін, терең ойға жетелегені рас. Рухани сипаттағы құнды дүниелер тізбектеліп жазылған ғылыми-танымдық сипаттағы материал - Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары мәлім. Руxани жаңғырудың жалғасы іспетті тағылымды мақалада ұлт тариxының бастаулары, Ұлы Дала өркениеті, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың да нақты жолдары көрсетілген. Рухани жаңғыру арқылы ұлттық кодымызды танып, әлемге өзімізді таныта білсек, «Ұлы даланың жеті қыры» арқылы төл тарих пен ұлттық құндылық айқындалмақ. «Және мұндай бағыт ел болашағын баянды етудің ең ұтымды құралы» деп есептеймін. Мақала мен үшін, ең алдымен ақпараттық-танымдық сипатқа ие, өйткені ол нақты жоспар арқылы халықтың тарихын терең зерделеуге бағытталған. Қазақстан аумағында табылған «Алтын адам» мысалы, байтақ жерде мекендеген мемлекеттің алтынды игеру мәдениеті мен технологиясының базғы заманнан дамығанын көрсетеді. Ұлы даланың ән салу өнерінен бөлек, ер қанаты аттың да өз орны айшықталып көрсетілген. «Ұлы жібек Жолы» өткен ғасырлардағы көлік инфрақұрылымының өте шебер құрылғанын айғақтайды. Қазақстандағы металлургияның өткен және бүгінгі даму үрдісі де мемлекет үшін маңызды бағыт деп есептеймін. Демек, мақала негізгі ұлттық құндылықтарды бағалау арқылы баянды болашақ құрудың нақты жолдарын көрсетеді. Сондай-ақ қазақтың атақты тарихи тұлғаларын дәріптеуге арналған энциклопедиялық саябағын ашу жайлы ұсынысын ұтымды деп есептеймін. Расымен ашық аспан астында ескерткіш мүсіндер қойылып, мемлекеттің өткені осындай жоғары деңгейде дәріптелетін болса, шет елден ағылып келетін туристердің де өсімі байқалатыны рас.

Осылайша, «Рухани жаңғыру» сияқты алып реформаның жалғасы іспетті жазылған «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақала – Мемлекет басшысының Қазақстанға және оның болған шағы мен болашағына бағытталған зор қамқорлығын көрсетіп берді. Демек, Ұлы даланың мұрагері болу – Сіз бен Бізге зор жауапкершік жүгін артады. Ендігі кезек – көрсетілген тапсырманы мұнтаздай етіп орындаған болсақ, тарих үшін аз олжа болмасы анық!

Ақмола облысының Жақсы аудандық сотының судьясы

Бақтығулова Ғ.М.

16:14
1083
Нет комментариев. Ваш будет первым!