Нақты бағдарлар орындалу үстінде
Елбасының әрбір Жолдауы Қазақстанның бұдан әрі дамуының стратегиялық құжаты болып табылады. Өзінің биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлт көшбасшысыжылдам қарқынмен өзгеріп келе жатқанТөртінші өнеркәсіптік революция әлеміндегі алдымызда тұрған нақты міндеттерді атап көрсетті. Еліміздің дамуының басты бағыттары және Қазақстанның жаңа әлемнің көшбасшылары қатарына қосылуына ықпал ететін міндеттер ретінде Елбасы өмірдің барлық салаларына сандық технологияларды енгізуді, яғни цифровизацияны атап өтті.
Жолдаудың басты ерекшелігі – Елбасымыз қазіргі таңда Қазақстанның алпауыт мемлекеттердің, дамыған 30 елдің қатарына кіріп, экономика, ғылым-білім, инновация, өнеркәсіпте өз орнын табу үшін орындауды қажет ететін басты 10 міндетті атап көрсетті. Осы міндеттердің бірі — жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекеттік органдардың халықпен әрекеттесуіне және азаматтардың өтініштерін қарау үдерістерін сапалы ұйымдастыруға көп көңіл бөледі.
Ағымдағы жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мақсатында облыстың 157 мыңнан астам халқын қамти отыра, шамамен 1,5 мың іс-шара ұйымдастырды. Аталған іс-шараларға барлық білім беру ұйымдарының және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, қоғамдық және діни бірлестіктердің мүшелері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалдарының белсенділері, «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері белсенді түрде тартылды.
Агенттік еліміздің барлық өңірлерінде халықпен сапалы және шұғыл кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыруда. Ақмола облысының тұрғындары үшін аталған жоба іске қосылған уақытынан бастап ақ өтінім жіберудің өзіндік бір «навигаторына» айналды. Агенттіктің Ақмола облысы бойынша өңірлік департаментіне осы күнге дейін 100-ден астам өтініш келіп түсті. Олар көбінесе жұмыстың сапасын арттыру бойынша ұсыным сипатындағы хабарламалар, бұл өз кезегінде азаматтардың жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа белсенді араласуының бір көрсеткіші.
Ақмола облысында халықпен кері байланыс жүргізу жүйесінің тағы бір тиімді және тұрақты моделі өңірлік арнайы мониторингтік топтар арқылы іске асуда. Өз өтінішін қалдыруды, не болмаса қандай да бір мәселелер бойынша шұғыл кеңес алуды қалайтын азаматтар өз өңіріндегі аталған топтың мүшелеріне хабарласа алады.
Біздің басты міндеттеріміздің бірі — азаматтардың конституциялық құқықтарына берілетін кепілдіктерді күшейту бойынша жұмысты әрі қарай белсенділендіру, Елбасы атап айтқандай, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, тиімді мемлекеттік басқару және жемқорлықпен оның алдын алу арқылы күресу.
Сонымен қатар Жолдауда біздің әрі қарай атқарар жұмысымызға қатысты өзге мәселелер де көрініс тапқан. Осылай, «Тиімді мемлекеттік басқару» бағытында мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізу, мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыру, әкімшілік ресурстарды біріктіру, қоғам алдындағы маңызды міндеттерді шешуге халықты тарту міндеттері көрсетілді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап жаңа еңбекақы жүйесін апробациялау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде, Әділет министрлігінде, Астана қаласы мен Маңғыстау облысы әкімдіктерінде жүзеге асуда. Келесі жылдан бастап жаңа жүйені барлық мемлекеттік органдарға енгізу жоспарланып отыр.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің еңбекақысы оның жұмыс өтіліне және лауазымының санатына байланысты. Жаңа еңбекақы жүйесі факторлы-баллдық шкала негізіндегі тиянақталған бөліктен және бонустар ретінде берілетін айнымалы бөліктен тұрады.
Агенттік әрбір лауазымды ауқымды бағалау шараларын жүргізіп, сәйкестендірілген реттеу жұмыстарын атқарды. Қолданыстағы реестрге қарағанда, деңгейлер осы лауазымды атқару үшін қажетті білімге, қабылданатын шешім мен нәтиже үшін жауапкершілік деңгейіне тәуелді түрде анықталды.
Мемлекеттік органдардың ішкі қоры есебінен мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының екі есеге артуы және орталық пен өңірлердегі еңбекақы мөлшерлері арасындағы үйлеспеушіліктің 70%-дан 10%-ға қысқаруы жағымды мысалдардың бірі. Осылай, өңірлердегі қатардағы қызметкер мен орталықтағы қатардағы қызметкердің жалақысы шамамен бірдей болады. Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артуда: бір орынға үміттенетін адамдар саны артып, мемлекеттік қызмет жүйесінен кеткендер саны азаюда
Бүгін ең көп көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру іске асырылуда. Ақмола облысында электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер ағымдық жылы 82% құрап, бұл тұрмыстық жемқорлықты айтарлықтай азайтуға жол ашты. Бұл өз кезегінде жемқорлықты азайтуға ықпал етті. Біздің негізгі мақсатымыз – онлайн-қызметтерге толық ауысып, жемқорлықты түбегейлі жою.
Жаһандық тұрақсыздық жағдайында Елбасымыз өзіне тән саяси еркінің, барлық тәуекелдерді алдын ала сезіп, ескере білу қабілетімен барлық ұзақ мерзімді жоспарларымызға айқын бағдар берді. Өз Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев мәселелерді шешудің тәжірибелік қадамдарын көрсетіп, қол жеткізер мақсаттарымызды айқындады.
Жарқын болашағымызды достықта, келісімде және бірлікте құрудың қажеттігін түсінетін уақыт келді. Сыбайлас жемқорлықпен күресуде қоғамның қолдау көрсетуі бұдан да артық нәтижелерге қол жеткізуге және әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге өз септігін тигізетініне кәміл сенімдімін.
Берген БЕСПАЛИНОВ,
руководитель департамента Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции по Акмолинской области.