Судья әдебі кодексі сот төрелігін жүзеге асырудың маңызды бөлігі

Күні кешегі қазақ халқының құқықтық жүйесінде билер сотының мәртебесі мен мәнін айқындайтын бірқатар айшықты қағидаттар мен нормалар қалыптасқан. Олардың негізі халықтың құқықтық түйсігіне терең бойлап, мазмұны мен мәнісіне жете баға берген. Мәселен, «Би төрттің құлы: адал еңбек, таза ниет, терең ой, әділдік». Айтылған ойдың астарлы мағынасынан биікті бағындырып, аққа жаршы болған судьяның тағдыры қандай болуы керектігін ұғуға болады. Жалпы, бүгінгі таңда өркениетті елдерде қалыптасқан өлшемдер негізінде таразыласақ, сот төрелігінің әділдігі және оның жедел әрі толық орындалуы кез келген елдің кемел болмысының көрінісі болып табылады. Ал, оны жүзеге асыратын басты тұлға – судья. Сондықтан, әділдіктің айнымас жолында тер төккен қазыларымыз судья әдебінің нормаларын қатаң ұстануы қажет.
Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «ХХI ғасырда ұлтты дамытудың басты белгісі – мінсіз және тиімді сот жүйесі. Тәуелсіз және әділ сот – кез келген мемлекеттің қызмет желісі. Онсыз әлемнің бірде-бір мемлекетінде, ең дамыған мемлекеттерде азаматтардың жоғары деңгейдегі дәулеттілігі де, қоғамның табысты дамуы да, қолайлы инвестициялық ахуал да болуы мүмкін емес», – деп атап өткен болатын. Бұдан шығатын қорытынды, кез келген азамат сот жүйесі арқылы құқына қатысты мәселелерін әділ шешіп, өзін қорғай алуы қажет. Ал, бұл сот төрелігі жүйесін әлі де жетілдіре түсуді талап етеді.
Дана халқымыз «Билік айту – оңай, біліп айту – қиын» деп бекер айтпаса керек. Ендеше, ақиқат жолымен жүру, әділ қазылық ету – әрбір судьяның басты парызы. Қазы – халықтың ожданы. Демек, судьяның адамгершілік және моральдық-әдепт
Судья әдебінің кодексі кәсіби-әдеп өлшемдерінің жиынтығы ретінде сот төрелігін жүзеге асыруда және соттан тыс қызметтегі мінез-құлықтың судья үшін міндетті қағидаларын белгілей отырып, сот және судья әдебі нормаларын бұзу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың кәсіби-әдептік стандартын айқындайды. Сондықтан, бүгінгі күні Судья әдебі кодексінің сот төрелігін жүзеге асырудағы алатын орны маңызды. Қазіргі қолданыстағы Судья әдебінің кодексі 2009 жылы қабылданған. Бүгінде Қазақстан Республикасы Судьялар одағы жаңа кодекстің жобасын әзірлеуде. Жаңа кодекстің жобасы 3 тараудан, 14 баптан тұрады. Көлемі жағынан бұрынғыдан ауқымды бұл құжатта судья әдебінің нормалары егжей-тегжейлі реттеліп отыр. Яғни, жаңа кодекстің жобасында судьяның кәсіби қызметтегі мінез-құлқына, әкімшілік өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезіндегі және қызметтік міндеттен тыс кезіндегі мінез-құлқына қойылатын талаптар және судьялардың жауапкершілігі арқылы ықпал ету шаралары көзделген.
Кодекс жобасында судьяның абырой-беделіне ерекше көңіл аударылып, оның сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңды және ар-ожданын басшылыққа алып, шешім қабылдау қажеттілігі көрсетілген. Ол өз қызметі арқылы азаматтардың бойында Қазақстан Республикасының Конституциясын, елдің заңдарын құрметтеу сезімін қалыптастырып, заңның үстемдік принципін орнықтыруға тиіс. Сонымен қатар, қандай жағдайда болсын сот билігінің тәуелсіздігі принципін сақтауға және сот билігінің беделін түсіретін, судьяның абырой-беделіне нұқсан келтіретін және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде оның объективтілігі мен бейтараптылығына күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен өзін аулақ ұстауға тиіс. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, кімнен байқалса да, оның кез келген көріністеріне ымырасыз болуға міндетті.
Судья қызметтік міндеттен тыс кезінде қызмет бабын өзінің жеке басының мүдделері, отбасы мүшелерінің, туыстары мен жақындарының мүдделері үшін пайдаланбауы тиіс (қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, өмірді және денсаулықты, мүлікті қорғау мүдделерінен басқа).
Сонымен қатар, оның отбасы мүшелеріне байланысты және судьялық міндеттерін орындауына кедергі келтірмейтін істерден өзге, басқа адамдардың істері немесе өзге де заңды мүдделері бойынша өкілетті өкіл ретінде әрекет жасауға құқылы емес. Сондай-ақ, ол құпиялы сипаттағы материалдық мүдделер туралы хабардар болуға және өзінің отбасы мүшелерінің материалдық мүдделері туралы ақпарат алу мақсатында ақылға қонымды шаралар қабылдауға, жұмыстан тыс кезінде өзін тәртіптілігі мен адалдығына дақ түспейтіндей етіп ұстауы керек.
Судья өзінің дінге қатыстылығын танытпауы тиіс, сондай-ақ, өз қызметін жүзеге асыру, құқық немесе құқықтық жүйе мәселелері бойынша қарым-қатынас кезінде осыған мүдделі, заң шығарушы, атқарушы органдардың, бизнес-құрылымда
Судья процеске қатысушылармен іс жүргізуден тыс қарым-қатынастар
Жаңа кодекстің жобасы қазақстандық Фемида қызметшілерінің әдеп ережесін реттеп қана қоймайды, осы ережені бұзғаны үшін жауапкершілікті де анықтайды. Мәселен, Кодекстің 3-тарауында судья әдебі жөніндегі комиссияның ведомстволық бағыныштылығы, судьялардың жауапкершілігі негіздері мен оған ықпал ету шаралары көзделген. Сот жүйесін дамытуға, оны сыйлауға және сот тәуелсіздігін нығайтуға үлесін қосатын судьяның өзіне лайықты әдебі болуының маңызы зор. Мұның өзі мемлекеттегі соттың рөлін күшейту, қылмыстық қудалау органдарының қызметін бақылауды кеңейту, қоғамдағы соттар және сот жүйесі туралы қалыптасқан көзқарасты түбегейлі қайта қарау керек екенін аңғартады. Сондықтан, сот жүйесі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын сенімді қалқанға айналуы ләзім. Қазыларымыз абыройы мен бейнесі, адамгершілік тазалығы судья деген жоғары дәрежедегі атаққа сай болуы үшін әрдайым талпынуы қажет.
Жалпы айтқанда, әңгімемізге арқау болып отырған басты тұлға – судья сот ісін жүргізу қағидатын басшылыққа ала отырып, істерді қарау мерзімін бұзуды қысқарту, сот төрелігінің сапасын арттыру, еңбек тәртібін және судья этикасының нормаларын сақтау, сот беделін көтеру туралы талаптарды үнемі бұлжытпай орындап, антына адал болуы керек. Кодексті қабылдау Қазақстан Республикасы судьялары съезінің ерекше құзыреті болып табылады. Сондықтан, судьялардың келесі съезіне дейін бұл кодексті мінсіз кұжатқа айналдыру – басты міндет.
Судьялар одағының Орталық Кеңесінің кезекті отырысында Судьялардың әдеп қағидалары мен мінез-құлық ережелері кодексінің жобасы таныстырылды.
Кодекстің жобасын Судьялар одағының Орталық Кеңесі әзірледі.
Жобаны судьялар корпусының пікірлері мен тілектерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Судьялар одағының Орталық Кеңесі әзірледі. Жоба Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңға негізделген. Онда «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы», Халықаралық «Азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт», «Судьялардың іс-әрекеттерінің Бангалор қағидалары» және басқа да халықаралық актілер ескерілді.
Әдеп қағидалары мен судьялардың мінез-құлық ережелерінің жаңа кодексін қабылдау елде Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын нақты орындаудан туындады. Олардың ішінде басты бағыттарының бірі сот реформасы болып табылады. 100 қадамды орындау мақсатында қабылданған жаңа заңдар сот жүйесін түбегейлі өзгертуге, оны тәуелсіз және тиімдірек етуге арналған. Сот қызметінің нәтижелері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар, экономиканың жағдайына, нақтырақ айтқанда, шетелдік инвестицияларды тарту мәселелеріне жағымды әсер етуі керек.
Әділ соттың алдында тұрған жоғарғы және жауапты міндеттерді халыққа адал қызмет ететін, Конституция мен заңдарды мүлтіксіз орындайтың, адалдық пен әділдікті қатаң сақтайтың, халық арасындағы беделі жоғары, моральдық нормаларды жоғары ұстайтын судьялар жүзеге асыруы тиіс.
Жоба судьяның кәсіптік және моральдық келбетіне қоғамның зор талаптарын ескеріп әзірленген. Кодексті қабылдау биліктің сот тармағына қоғам сенімінің негізі ретінде судьялардың іс-әрекеттерінің ортақ әдеп стандарттарын орнату мақсатын көздейді.
Жоба 5 тарау және 33 баптан тұрады. Онда келесідей тараулар қарастырылған: «Судьялардың іс-әрекеттерінің әдеп қағидалары», «Кәсіби міндеттерді орындау кезінде судьяның іс-әрекеттерінің әдеп ережелері», «Судьяның отбасындағы және тұрмыстағы іс-әрекеттерінің әдеп ережелері». Кодексте орын алған қағидалар және ережелер атқаратын қызметтерінен тәуелсіз барлық судьяларға, сонымен қатар отставкадағы судьяларға міндетті болады. Судьяның әдеп қағидалары мен ережелерді бұзу фактісі азаматтардың және ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, сот жүйесінің лауазымды тұлғаларының өтініші бойынша қабылданған сот қоғамдастығының уәкілетті органының шешімінің негізінде ғана расталуы мүмкін. Одан басқа уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары бойынша жеке бастамасымен судьяның әдеп қағидалары мен іс-әрекеттер ережелерін бұзу фактісін қарастыруға құқылы.
Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Орталық кеңесі аталған жобаны талқылап, оның негізгі ережелерін мақұлдады. Жоба көпшілік тарапынан талқылану үшін жарияланатын болады. 2016 жылдыңқазанда соңғы редакцияда судьялардың әдеп қағидалары мен іс-әрекеттері ережелерінің кодексін қабылдайтын Судьялар одағының кезектен тыс VII съезі өтеді.
Мади Көшікбаев,
Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотының төрағасы