Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Медиациялық тәртіппен дауларды шешу заман талабына айналуы тиіс

Медиациялық тәртіппен дауларды шешу заман талабына айналуы тиіс

Медиация институты қазаққа жат емес. Ұлтымыздың тарихында билер институтымен адамдар арасында туындаған дау-дамайларды билер, шешендер немесе беделі бар жергілікті ақсақалдар әділ шешіп отырған. Билердің негізгі шешетін мәселесі келген шығынды қалпына келтіріліп, дауласушыларды бітімге жеткізу болып табылған.

Дауларды сотқа дейін және сот отырысы кезінде реттеудің процессуалдық  жолдары ретінде азаматтық процестік кодексінің 17 тарауында татуластыру рәсімдері қарастырылған. Онда, медиаторлардың қатысуымен және сот жүргізетін медиацияны қолдану, тараптар және адвокаттардың қатысуымен партисипативтік рәсімдерді қолдану қағидалары көзделген. Партисипативті рәсімде адвокаттардың кәсіби өкілдік етуі —  тараптардың татуласуына кедергі келтіретін адвокаттардың қызметіне тосқауыл қояды.

Еліміз 2011 жылдың 28 қаңтар күні «Медиация туралы» Заңын бекітіп, дауларды шешудің жаңа баламалы түрін енгізді. Медиация туралы Заң жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар бойынша қолданылады.

Жалпы медиация – кез келген даулы мәселені бітімгершілікпен шешу. Бұл қазіргі сот жүйесіне өте қажетті жолдардың бірі.

ҚР АПК-нің 174 бабының тәртібі бойынша сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдесетіні көрсетілген. Іс жүргізу заңының жаңадан еңгізіліп бекітілген өзгерістері бойынша бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін делінген.

Сотта жүргізілген медиацияның бір артықшылығы – азаматтық іс шеңберінде талап арыздың көлемінен тыс сол дауға байланысты көптеген мәселелерді шешуге болады. Медиация кезінде талап қоюдың мәнін және негіздемесін бір мезгілде өзгертуге рұқсат етіледі. Басқа татуластыру рәсімдері кезінде талап қоюдың мәнін және негіздемесін өзгертуге жол берілмейді. Сондықтан, сот медиациясын қолданудың артықшылығы – талаптың мәнін және негіздемесін өзгерту үшін жаңадан талап арыз берместен, туындаған даудың төңірегінде осы дауға байланысы бар бірнеше мәселелерді шешіп алуға  мүмкіндік береді.

Жыл сайын сотта қаралатын дау дамайлардың саны артып келеді. Сондықтан, соттардың мойнындағы осыншама жүктемені қысқарту үшін, қоғамда келісім орнатудағы медиацияның рөлін айрықша айтуға болады. Бұл ерте қазақ қоғамында болған билер билігінің жалғасы деп айтуға болады. Демек, Қазыбек, Әйтеке, Төле билердің дана саясаты бүгінгі сот жүйесіне үлгі. Ал осы би, шешендер даулы мәселені төрт ауыз сөзбен тындырып отырған. Тындырғанда да хатсыз, ол ауызша жүзеге асып, шешімі бітіп жатқан. Салыстырып қарасақ, ертедегі бір бидің өзі осы күнгі соттың да, прокурордың да, полицияның да, яғни қаншама мекеме, ұйымның да қызметін атқарып келген. Би болып белгіленетін тұлғалар өзінің тапқырлығы мен шешендігін, әділ төрелік айта алатын қасиетін көпшілік алдында көрсете білген. Олар барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын, тура сөйлейтін нағыз шешен әрі халықтың көкейіндегісін айтқан әділет жаршысы болған. Сондықтан да халық «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», деп мақалдап кеткен.

Ерейментау аудандық

соттының төрағасы

М.Ақышев

16:18
837
Нет комментариев. Ваш будет первым!