Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Осыдан 18 жыл бұрын Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының міндеті делінген. Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ, оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты
құқық бұзушылықтар үшін осы Заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті
адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болады. Сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылық субъектілеріне лауазымды және мемлекеттік міндет атқаруға
уәкілетті өзге де адамдарды немесе оларға теңестірілген адамдарды сатып алуды
жүзеге асырушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игіліктер мен
артықшылықтар беретін жеке және заңды тұлғалар да жатады. Осындай құбылыстармен
күресу тек құқық қорғау немесе мемлекеттік органдарының міндеті емес, барлық
азаматтардың парызы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрестің ең басты өзекті мәселесі- жеке азаматтарға және мемлекетке материалдық
үлкен шығын алып келуі. Қазіргі республикамыздың нарықтық экономика кезеңінде,
сыбайлас жемқорлық қылмысымен қарсы күрес жүргізу мәселесі ең басты құндылық
болып есептеледі. Сыбайлас жемқорлық
халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму
кезеңдерімен қалыптаспай келеді. Жалпы , бұл термин латынның «corruption» -
«сатып алу» деген сөзінен шыққан. Яғни, лауазымды адамдардың қызметті өзінің
бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді.
Қорыта айтқанда, қылмыстық жаза жүйелерінде көзделген жаза түрлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарына кінәлі деп танылғандарға тиімді түрлерін нақты тағайындау осы құбылыспен пәрменді күрес жүргізуге қолайлы мүмкіндік туғызады деген ойдамыз. Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзібақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын-алу, яғни оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн.
Шортанды аудандық сотының төрағасының м.а.
Т.Раисов