Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Жемқорлыққа қарсы күрес

Жемқорлыққа қарсы күрес

Мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы көптеген шаралар қолданылуда. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  (бұдан әрі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң) 2015 жылғы 18 қарашадағы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет туралы заң) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның 12-бабының 

4) тармақшасына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың (бұдан әрі – тұлға), сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

Мемлекеттік қызмет туралы заңның 50-бабы 1-тармағының 

17) тармақшасында өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылатындығы белгіленген.

Бұдан басқа, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 

31 желтоқсандағы № 1166 қаулысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына тапсыру, оларды сатып алу, сондай-ақ сату бөлігінде тиісті өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі сыйлықтарды арнаулы мемлекеттік қорға тапсыру механизмі мен мерзімдерін, тұлғаның сыйлықты сатып алу, сондай-ақ сатып алудан бас тарту жағдайында оны сату тәртібін көздейтін тұлғалар үшін Жадынама әзірленген.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 

5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 472-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаға немесе оған теңестірілген тұлғаға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне келіп түскен және арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды уәкілетті органға толық және (немесе) уақтылы бермегені үшін әкімшілік-құқықтық жауапкершілік көзделген.

Ақмола облысы 

Жақсы аудандық сотының 

Кеңсе меңнерушісі

Е. Жәнібеков 

17:36
839
Нет комментариев. Ваш будет первым!