Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Соттағы татуластыру рәсімдері

Соттағы татуластыру рәсімдері

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2016 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы судьяларының VIІ съезінде баламалы және өзге де соттан тыс дауларды (жанжалдарды) реттеу тәсілдерінің кеңінен енгізуді тапсырған болатын.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында, 2018 жылдың 28 сәуір күні Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен «Соттағы татуластыру рәсімдері» туралы пилоттық жоба іске қосылды.

Осы жоба бойынша пилоттық сот болып Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты белгіленді, татуластыру рәсімдерді жүргізетін судья болып Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының судьясы С.Бақытжанова бекітілді.

2018 жылдың 4 айының статистикалық мәлеметтеріне сәйкес, Ақмола облысы соттарымен бітімгершілік келісім бойынша 494 немесе 9,7 % азаматтық іс аяқталған. Оның ішінде, татуласу келісімімен – 42 немесе 0,8%, партисипативтік рәсім тәртібімен – 7 немесе 0,1%,  медиация тәртібіміен 445 немесе 8,7% (талап іс жүргізу тәртібімен қаралған азаматтық істер санынан).

Бітімгершілік келісім бойынша қайтарылған мемлекеттік баж соммасы 39 049 730 теңге, оның ішінде татуласу келісімім бекіткен істер бойынша қайтарылған мемлекеттік баж соммасы 9 216 413 теңге, медиация бойынша -29 794 951 теңге, партисипативтік рәсім тәртібімен – 38 363теңге.

Жаңа пилоттық жоба бойынша 2018 жылдың 25 мамырына 50 арыз түсті, оның ішінде 19 тараптар шақырумен келмеді, 14 тараптар бітімгершіліктен бас тартты, ал 17 тараптар дауды медиация тәртібімен шешті.

Ертаева Роза,

Ақмола облыстық сотының судьясы                                            

11:57
1065
Нет комментариев. Ваш будет первым!