Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Сотта мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізудің жай-күйі

Сотта мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізудің жай-күйі

Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасында сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі, қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған жағдайларда басқа да тілдер қолданылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4-бабында: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қаты­настардың барлық саласын­да қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүр­гізу тілі», – деп жарияланғандықтан, сот жүйесі де бұл үдерістен қалыс қалмауы тиіс.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Тәуелсіздіктің ең басты белгісі оның ана тілі мен ұлттық мәдениетінде. Халқымыз ана тілдің күші мен құдыретін әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған.

Мемлекеттік тілдің қай ұлттың болмасын оның ерекше рухани құндылығы болып табылады. Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық іс жүргiзу кодексінің 30-бабына, Азаматтық іс жүргiзу кодексінің 14-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасында қылмыстық және азаматтық сот ici мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi. Ал қажет болған жағдайда сот iсiнде мемлекеттік тiлмен қатар орыс тiлі және басқа тiлдер қолданылады» делінген.

Сотқа келіп түскен қылмыстық істер бойынша тергеп тексеру органдары қай тілде сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттерін жүргізген болса, сол тілде сотта қаралады. Соттар сот ісін жүргізу тілін өзгертпейді, тек қажет болған жағдайда аудармашымен қамтамсыз етеді. Сондықтан, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу анықтама немесе тергеу жүргізетін құқық қорғау органдарына, атап айтқанда, ішкі істер министрлігіне, қаржы полициясына және прокуратура органдарына тікелей байланысты болып келеді.

ҚР-сы қылмыстық процестік кодесінің 30 бабында Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады делінген.

Сондай-ақ, қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық iс жүргiзiлген тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi бiлмейтiн тараптарға сотта өзiнiң ана тілінде немесе олар бiлетiн басқа тiлде өтiнiш жасауға, түсiнiк және айғақтар беруге, өтiнiш бiлдiруге, шағым жасауға, iстiң материалдарымен танысуға, сөйлеу, аудармашының қызметiн тегiн пайдалану, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдарға олар үшiн заң күшiмен қажеттi iстiң басқа тiлде жазылған материалдарын қылмыстық сот iсiн жүргiзу тіліне аударуды тегiн қамтамасыз етілуін бекіткен. Заңның бұл нормалары сот ісін жүргізудің тілге байланысты қағидаттарының орындалуын толық қамтамасыз ете алады. Бұл дау тудырмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдарға сот ісін жүргізу тіліне қатысты құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, олардың мүдделерін қорғауды осы заңда белгіленген тәртіп бойынша қамтамасыз етуге тиіс. 

Ерейментау аудандық

сотының кеңсе меңгерушісі                                                   

Т.Бертанов

13:58
962
Нет комментариев. Ваш будет первым!