Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Электрондық қылмыстық іс

Электрондық қылмыстық іс

Сот төрағасы өз сөзінде  «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру аясында, республика соттарында маңызды жаңғыртулар өткізілгенін  атап өтті. «Қазіргі заманғы технологияларды қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдейді, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 

Қылмыстық істі электрондық форматта қарау – бұл қазіргі заманғы ыңғайлы және сенімді жүйе екенін, ол қылмыстық процесс сапасын жеңілдету мен арттыруға бағытталғанын,  тергеп-тексеру мерзімдерін және қаржылық шығыстарды қысқартатынын, құжаттардың бұрмалану қаупін төмендететіндігін атап өтті. Электрондық форматқа көшкеннен кейін істер жылдам қаралатын болады, айыпталушы, сондай-ақ адвокат кез келген уақытта онлайн режимде қылмыстық істің барысымен таныса алатындығын жеткізді.

Көкшетау қалалық сотына бес электрондық қылмыстық іс түсті, онын ішінде үш іс қаралды.

Көкшетау қалалық сот төрағасы      

Р.Шақуанов

17:39
1128
Нет комментариев. Ваш будет первым!