Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларын іске асыру әр азаматтың негізгі борышы

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларын іске асыру әр азаматтың негізгі борышы

Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолданған әр бір Жолдауы өзінің мән мағынасымен, кезең-кезеңімен іске асырылуға жататын үлкен  тарихи мәнге ие.

Еліміз тәуелсіздігін жарияланғаннан бастап өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде айқындап, дамудың осы бағытымен қалыптастырып бекітті. Әлеуметтік мемлекетті құрудың негізгі құқықтары мен қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасы қалануына Елбасының жыл сайынға Жолдауларының алар орны ерекше.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы қалың жұрттың қолдауына ие болды. Аталған Жолдауда төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін 10 негізгі міндеттерді шешу көзделген.

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жетінші бағытында тілге қатысты қалыптасып қалған күрделі мәселені шешу мақсатында Мемлекет басшысы нақты әрі жүйелі міндеті белгілеген. Латын әліпбиіне көшу арқылы дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне қосылуға жол ашылмақ. Елбасының айтуынша, мұндай қадам халықаралық терминологияда қалыптасып қалған сөздерді аударудағы мәселені шешуге тікелей көмектесетінін нақты айтқан. 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу мақсатында атқарылатын күрделі жұмыстар білім беру саласының барлық сатыларынан орын алмақ. Бұл реформа сөзсіз, қоғамдық сананың деңгейі мен қалың жұрттың белсенділігіне тәуелді.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығарумыз қажет деп тапсырма бергені бәрімізге мәлім. Сондықтан, аталған уақыттың да жақындап қалғандықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алып, бастауымыз қажет.

Бүгінгі күні осы ауқымды да күрделі жұмысты бастауға қа­жетті дайындық жұмыстарына кірісіп, Қазақстан латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне ресми түрде бекітті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4-бабында: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қаты­настардың барлық саласын­да қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүр­гізу тілі», – деп жарияланғандықтан, сот жүйесі де бұл үдерістен қалыс қалмауы тиіс.

Қазіргі кезде ауданымызда қазақ ұлтының өзге ұлттардан басым бола тұра мемлекеттік мекемелер мен соның ішінде сотқа беріліп жатқан арыздардың 7 пайызға жетер жетпесті құрайды. Бұл дегеніміз өз елімізде, өз жерімізде тұрып, мемлекеттік тілге немқұрайлы қарауымыз, мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізуді талап етпеуіміздің көрінісі десек қателеспегендік болып табылады.

Сондықтан Сізбен Біз болып Ұлт болып қалу үшін бұл мәселеге немқұрайлы қарамауымыз қажет.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне мән берген. Соттардың қызметін қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету ретке келтірілді. Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық сот залдар толық аудио – бейне бақылауға алынып, бұл сот төрелігінің барынша ашықтығын қамтамасыз етуде. Дау-дамайларды сотқа жеткізбей-ақ, бітімгерлік жолды таңдайтын азаматтар қатары артқан.

         Мәселен, Ерейментау аудандық сотының 2017 жылғы 12 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында медиация заңын қолдану көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда артқан. 2017 жылы 986 азаматтық іс қаралып, оның ішінде бұйрық арқылы (434) және жеңілдетілген тәртіппен (52) қаралған істерді қоспағанда 500 азаматтық істің 45 медиация тәртібімен қысқартылған. Әкімшілік істер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен 145 әкімшілік іс қаралып, оның 49 медиация тәртібімен татуласып, қысқартылған. Ал қылмыстық істер бойынша 2017 жылы 43 қылмыстық іс қаралып, аяқталған болса, оның 7 қылмыстық ісі медиация тәртібімен қысқартылған.

Ерейментау аудандық

соттының төрағасы                                                  

М.Ақышев

12:25
851
Нет комментариев. Ваш будет первым!