Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Адвокаттың өкілеттігін кеңейту

Адвокаттың өкілеттігін кеңейту

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы бекітілді.

Тұжырымдамамен қылмыстық іс жүргізу құқығын дамытудың басымдығы қылмыстық сот ісінің адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған негізін қалаушы қағидаттарын дәйекті түрде одан әрі іске асыру болып қала береді деп белгіленген.


Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы Заңымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар, соның ішінде қолданыстағы қылмыстық процесстік кодекске де елеулі өзгерістер енгізілгені бәрімізге мәлім.


Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің жаңа тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, оның құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, ал кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, заңдылық пен құқықтық тәртiпті нығайтуға, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға, қылмыстық сот iсiн жүргiзу айыптаушы және қорғаушы тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатын дамытуға бағытталған.


Қылмыстық процестің негізін салушы қағидаттардың бірі - жарыспалылық болып табылады. Ол дәлелдемелерді зерттеу, бағалау және өз мүдделерін қорғау кезінде тараптардың тең құқылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Іс жүргізу функцияларында тараптардың тең құқықтылығының болмауы барлық сотқа дейінгі тергеп-тексерудің айыптау сипатына әкеп соғады.


Жарыспалылық институтын дамыта отырып, адвокаттарға қазіргі уақытта дәлелдемелер жинау бойынша кең өкілеттіктер берілген, өйткені бұрын қолданыста болған адвокаттар өкілеттіктерінің тізбесі олардың қорғауындағылардың мүдделерін толық мөлшерде сапалы ұсынуға мүмкіндік бермеді. Сондықтан, қылмыстық процесстік заңнаманың қазіргі жаңа редакциясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 70-бабына сәйкес, жасырын тергеу әрекетін қоспағанда, оның ішінде қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаса, тергеу судьясының алдында сараптама тағайындау не сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тергеу әрекетін жүргізуі туралы өтінішхат беруге құқылы.


Сонымен қатар, адвокаттың өзімен жүргізілген жауап алуларды іс бойынша дәлелдемелер ретінде iске қоса тiгуге және тергеу судьясы арқылы тергеушіні қорғаушы тараптар үшін қажетті іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге мәжбүрлеу құқығы бар. Осындай әдіспен ақтайтын дәлелдерді жинау бойынша кедергілерді алынып тасталады.


Прогрессивті жарыспалылық элементтері ретінде дәлелдемелермен алмасуды енгізу де қажетті болып табылады. Жиналған: айыптау және ақтау материалдарының барлығы да алмасуға жатады. Бұл ретте, тек басқа тарапқа берілген материалдар ғана рұқсат етілген және сотта дәлелдемелер ретінде қолданылуы мүмкін болып саналады.


Заңмен дәлелдемелерді зерттеу және бағалау, қорғау мен айыптаудың тәсілдері, іс бойынша шешімдер қабылдаудың негізділігі жөніндегі тараптардың тең құқықтылығы қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, дәлелдемелермен алмасу олардың бұрмалану мүмкіндігін болдырмайды. Адвокаттарға қорғаудың барабар желісін құру, ал айыптау тараптарына өз дәлелдерін объективті бағалау мүмкіндігі берілген.


Сонымен қатар, тараптардың бір-бірінің дәлелдемелерін зерттейтінін ескере отырып, осы кезеңде олармен істің материалдарымен расталатын фактілер танылуы мүмкін, және де оларға одан әрі дау айтылмайды. Бұл процесстің жеделдігі мен тиімділігін айтарлықтай арттырады. Прокурор істің сот перспективасын тезірек байқайды және дереу оны тоқтату, бұлтартпау шарасының күшін жою немесе сотқа жіберу туралы шешім қабылдайды. Тиісінше, қорғалушының да адвокат еңбегіне төленетін шығыстары айтарлықтай қысқарады.


Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның қызметі мәселелері бойынша 2017 жылғы 25 тамыздағы кеңесте Мемлекет басшысы қылмыстық сот ісін жүргізуде адам құқықтарын сақтауға айрықша назар аударып, қазіргі уақытта «сотқа дейінгі сатысында "шынайы жарыспалылық жоқ. Адвокаттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігі жеткіліксіз» екенін атап өтті.


Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен әзірленген "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Әділет министрлігімен Парламенттің қарауына енгізілді.

Аталған заң жобасында «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» және «Адвокаттық қызмет туралы» заңдардың нормалары шоғырландырылады.


Бұл ретте көрсетілген заңдардың уақытпен тексерілген базалық ережелері сақталған. Заң жобасындағы жаңалықтардың бірі- pro bono (лат. "pro bonо"- қоғамдық игіліктер үшін) негіздерінде заң көмегін көрсетуді бекіту болып табылады. Заң жобасында аталмыш институтты халықаралық тәжірибені (АҚШ, Англия, Австралия, Франция және т.б.) ескере отырып жаңғырту және кешенді әлеуметтік-құқықтық көмек ретінде атау көзделіп отыр.

Заң жобасындағы жаңадан енгізулер бойынша блок адвокаттық қызметті жетілдіруге жатады.


Осы салада: адвокаттық қоғамдастық қызметін ұйымдастыру жақсаруда, адвокаттарға қойылатын талаптар жоғарылауда, соның ішінде олардың кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізілуде, адвокаттар алқасына алғаш кіру жарналарына заң жүзінде тыйым салу белгіленуде, адвокаттыққа үміткерлерді аттестаттау тәртібіне қойылатын талаптар жоғарылатылды, аттестаттаудан босатылған тұлғалар тізбесі қайта қаралды. Адвокаттық құпия бойынша, адвокаттық құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді ереже күшейтілді


Жалпы, менің ойымша, ұсынылған жарыспалылық институттары қылмыстық сот ісін жүргізуде күдіктілердің, айыпталушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған.


Раджаб Даминов,

Ақмола облыстық сотының

қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

15:04
835
Нет комментариев. Ваш будет первым!