Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңының 1-бабының 3)-тармағына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық –бұл отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) болып табылады.
Отбасы-тұрмыстық қатынастар – ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық,сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
Психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.
Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы — тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары:
1) профилактикалықәңгімелесу;
2) әкімшілікқұқықбұзушылықтуралыхаттаманыжасау не қорғаунұсқамасыншығаруүшінтұрмыстықзорлық-зомбылықжасағанадамдыішкіістероргандарынажеткізу;
3) қорғаунұсқамасы;
4) әкімшілікұстау;
5) медициналықсипаттағымәжбүрлеушаралары;
6) құқықбұзушыныңмінез-құлқынаерекшеталаптарбелгілеу;
7) әкімшілікжазақолдану;
8) ата-анақұқығынанайыру не оны шектеу, бала (ұл, қыз) асырапалудыңкүшінжою, қорғаншылардыжәнеқамқоршылардыөзміндеттерінорындауынанбосатужәнеоданшеттету, баланыпатронаттықтәрбиешініңтәрбиесіне беру туралышарттымерзіміненбұрынбұзу;
9) ісжүргізудіңмәжбүрлеушараларыжәнеқылмыстықпроцестежәбірленушілердіңқауіпсіздікшаралары;
10) сот үкімібойыншақолданылатыншараларболыптабылады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары өзіне қатысты қолданылатын адамның жеке ерекшеліктері, ол жасаған құқық бұзушылықтардың қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі ескеріле отырып айқындалады.
Көкшетау қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының төрағасы Б.Әлжанов