Медиацияның әкімшілік істерде қолдану
Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтарда шыққан «Медиация туралы» заңы себепкер болды. Медиация термині латын тіліндегі геометриялық ұғым «медиана» - орта сызық деген сөзден шыққан. Қазақы ұғымға сәйкестендірсек, медиатор-екі жаққа да ортақ, дау-дамайда айтысушы жақтарды мәмілеге келтіріп, тең шешетін ара ағайын.
Медиатор, тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторолар тізіміне қосылған және медиатордың функияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиаторлар екіге бөлінеді: олардың бірі медиация мәселесі бойынша арнайы білім алып, тәжірибе жинақтаған кәсіби медиаторлар, ал, екіншісі-кәсіби емес медиаторлар. Заңда атап көрсетілгендей, медиаторлықты таңдаған адам өз қызметін кәсіби де, кәсіби емес те негізде жүзеге асыра алады. Жоғары білімі бар, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасы Медиаторлар одағынан арнайы оқудан өткен кез келген тұлға кәсіби медиатор бола алады. Ал кәсіби емес медиаторлықпен 40 жасқа толған, халық арасында беделді, адамгершілігі жоғары, ары кіршіксіз адамдардың айналысуына толық мүмкіндік бар. Олар тұрғындар жиынының ресми хаттамасы арқылы жергілікті атқару органдарына тіркелуі тиісіті және де заңгер мамандығы болуы міндетті емес. Медиаторлар өз қызметтерін тек қана жеке құқықтық қатынастар бойынша жүргізеді.
Қазақстан дамуының 2050 жылғы дейінгі стратегиялық бағдарламасының негізгі мақсаты-әлемдегі ең дамыған өркениетті 30 мемлекеттің қаттарына кіру. Дамудың кезекті сатысында соттардың бітімгершілік институтын жетілдіруге айрықша көңіл бөлініп отыр.
Медиаторлар қызметін еліміздің қазіргі кезеңінде неғұрлым кәсіби негізде дамыта түсу керек. Себебі, медиация институтын әлемдік стандарттар бойынша дамыту қажеттігін Елбасы да бірнеше рет айтқанда болатын. Сот төрелігін сапалы жүзеге асырудың, сот істерін қарауда бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастырудың маңызы зор. Елімізде жеке, заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде бітімгершілік жүйесі кең қолданып жүр.
Елімізде, «Қазы-халықтың ожданы» деп бекер айтылмаса керек. Сот шешімі әрдайым бұрмалаусыз, заңға негізделген болса, даугерлер төрелікттің дұрыстығына күмән келтірмейді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 64-бабы 1-бөлігінде, 73,-73-1,73-2,79 (бірінші бөлігінде), 146, 185, 186, 220, 229-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жәбірленушінің арызы бойынша ғана қозғалады және ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласқаннан кейін тоқтатылуға жатады деп көрсетілген.
Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жоғарыда көрсетілген әкімшілік істерді қарау барысында, тараптар өзара татуласып, медияциялық тәртіппен реттеу туралы келісім тапсырылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 64-бабы 1-бөлігін, 821-822 баптарын, «Медиация туралы» Заңның 27 –бабын басшыллыққа алып, сот қозғалған әкімшілік іс өндірісі тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылуда.
Соның бір айғағы, жуырда Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына 18 тамыз 2017 жылы Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 73-1-бабының 1-бөлігімен түскен құқық бұзушы М-ға қатысты әкімшілік ісін қаралды, онда ол Көшетау қаласындағы пәтерінде өз жұбайынмен жанжалдасып, ақыр соңы жұбайын ұрып, денсаулығының қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соттырғаны, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сот отырысында тараптар өзара татуласып, дауды медияациялық тәртіппен реттеу туралы келісім тапсырды. Сот Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 73-1-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік істі осы кодекстің 64-бабы 1-бөлігін, 821-822 баптарын, «Медиация туралы» Заңның 27 –бабын басшыллыққа алып, сот М-ға қозғалған әкімшілік іс өндірісі тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатты.
Медиация қолданыла басталғалы бері, біздің елімізде де оның жүйесінің тынысы ашыла түсуі қалыпты жайт деуге болады. Судья әрдайым адал әрі әділдіктің жаршысы болу керек.
Ақмола облысы Көкшетау қаласының
мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы
Куандыков Марат Акмырзаевич