Электронды іс жүргізу бағытындағы жаңашылдықтары
Елбасы өзінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет» екенін атап өткен болатын.
Электронды сот жүйесінің артықшылығы – азаматтарымыздың уақыты мен қаржысын үнемдеп және мемлекетік органдарда қағаз құжатайналымы азайып, дайындау және беру мерзімі әлдеқайда қысқарады.
Сот органдары жұмысына жаңа технологияларды қолдану, халықтың сот жүйесіне деген қолжетімділігі мен ашықтығына қол жеткізуін арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында еліміздің сот жүйесі жыл өткен сайын заманауи технологияларды сәтті енгізіп, жүзеге асыруда.
Осындай жаңашылықтың біріне «Сот кабинеті» сервисін жатқызуға болады.
«Сот кабинеті» арқылы сотқа талап арыз беру, сот отырысының хаттамасына ескерту келтіру, өтініш, арыз, шағым және электрондық түрдегі өтінімдерді әзірлеу және беру, мемлекеттік алымдарды онлайн түрінде төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігі секілді әрекеттерді жүзеге асыруға болады.
Талап арыз беру барысында мемлекеттік баж салығын онлайн төлеу операциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, мемлекеттік баж салығы Электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы мәлімет нысанын толтыру процесінде төленеді. Екінші деңгейлі банк төлем түскен кезде ЭҮТШ-ге төлем жайында хабарлама жібереді. ЭҮТШ төлем туралы хабарламаны сот органдарының ақпараттық жүйесіне жібереді.
Сонымен қатар, бүгінгі күнге «Сот кабинеті» сервисінің тұтынушылары сотқа электронды сенімхат жолдай алады. Енді сенімхатты ресімдеу немесе өкіліне өкілеттік беру үшін нотариусқа барудың қажеті жоқ. Интернет желісіне қолжетімділік пен электрондық-цифрлық қолтаңбаңыз болса жеткілікті.
Жалпы онлайн қызметті пайдаланудағы ең басты ерекшелік бұл сотқа шағым жазып оны тіркеуде уақытты үнемдеуде екенін түсінуіміз қажет. Кез келген азамат өзіне қолайлы уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен танысып, сот актісін басып шығара алады. Электрондық жоба азаматтардың пошталық қызметтерге жұмсалатын қаржылық және уақыт шығынын үнемдеулеріне мүмкіндік береді.
Облыс және аудан орталықтарындағы «Халыққа қызмет көрсету орталықтарында» да «Сот кабинеті» сервисінің қызмет көрсететінін де атап өту керек. Ол үшін тиісті орталыққа барып ЭЦҚ алу жеткілікті.
2017 жылы іске қосылған Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығында республиканың барлық сот залдарында процестердің өту барысы қатаң қадағаланып отырады. Онлайн режімде тәулік бойы өзекті сот ақпаратын жинау мен талдауға мүмкіндік беретін соттар қызметіне мониторинг жүргізудің бірыңғай жүйесі. Яғни, барлық жергілікті соттың жұмысын орталықтағы 700 көрсеткіш бойынша бақылау мүмкіндігі бар.
Бүгінде таңда Ұлт жоспарының 20-қадамын орындау мақсатында еліміздегі барлық сот отырысы залдары аудио-бейнетіркеу жүйесімен 100 пайыз жабдықталған, нәтижесінде судьялардың іс-әрекетіне қатысты шағымдар қысқарған.
«Электронды сот төрелігінің дамуы» біздің заманымызға сай, сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, халықтың сот жүйесіне деген қолжетімділігі мен ашықтығына қол жеткізуін арттыру екенің атап кеткім келеді.
Айымгүл Әубәкірова,
Ақмола облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
кеңсе меңгерушісі