Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Сыбайлас жемқорлық қоғамға жат болуы тиіс

Сыбайлас жемқорлық қоғамға жат болуы тиіс

Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  қай жерде болмасын кез келген мемлекетте оның саяси дамуына байланыссыз болып келеді. Елімізде де, бұл әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді.

Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін бірнеше рет атап өткен болатын.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.


Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.


Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің аса маңыздылығына мән бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды  қолдану туралы бірқатар тапсырмалар берген болатын.

Бұл бағытта күресті қолайлы саяси орта түзеуден бастау тиімді болмақ, ал ол қоғам оппозицияның, нақты сөз бостандығы мен  биліктің кіршіксіз болуын көздейді. Мұнда ескертетін тағы бір маңызды жай: мемлекет пен кейбір шенеуніктердің атқаратын қызметін заң жүзінде нақты айқындау, қабылданатын шешімдер кейбір адамдардың еркіне тәуелді болатын салаларды азайту. Басқаша айтқанда, заңнамалардың анықтығы, қарапайымдығы мен тұрақтылығы қажет, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін жағдайлар туғызу, халықтың білім деңгейін, оның ішінде құқықтық сауаттылығын арттыру керек.


Ерейментау аудандық

сотыны бас маманы А.Тасбулатова

10:29
856
Нет комментариев. Ваш будет первым!