Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру ол әр бір Қазақстан азаматтының негізгі борышы

Мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру ол әр бір  Қазақстан азаматтының негізгі борышы

Елімізді ХХ ғасырда жетпіс жыл бойы билеген әкімшіл-әміршіл жүйенің ұстанған ұлт саясаты республикамызды мекендеген халықтардың табиғи даму заңдылықтарына ықпал етіп, туған тілінен, тарихы мен мәдениетінен айрылудың қатерлі жағдайына душар етті.

Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары алда тұрған басты міндеттердің бірі мемлекеттік тілдің беделін, оны білу әрбір азаматтың өмірлік қажетіне айналатындай, қазақстандық патриотизмнің құрамды бөлігі болатындай деңгейге көтеру қажет болды. Сондай-ақ мемлекеттік тілге ресми қолдау көрсетумен қатар, оған бүкіл қоғам тарапынан қамқорлық жасау мәселесі де алға тартылды.


Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру мақсатында біршама сұрақтар көтеріліп, көптеген жұмыстар атқарылған.


Бүгінгі таңда сот жүйесінде 100 пайыз мемлекеттік тілге көшуге кедергі болып отырғаны талап-арыздар, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер сотқа, қай тілде рәсімделіп, келіп түссе, сотта сол тілде қаралады. Оның бірден-бір себебі, заң кеңесшілері мен адвокаттар азаматтық істер бойынша орыс тілін жетік білмейтін немесе ойын жеткізе алмайтын қазақ азаматтарының сотқа талап арыздарын орыс тілінде дайындайды, ал қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу кезінде іс орыс тілінде жүргізіледі. Сондықтан істегі барлық құжаттар орыс тілінде рәсімделеді. Қылмыстық іс сот өндірісіне келіп түскеннен кейін, кейбір азаматтар басты сот талқылауы барысында өздерінің құқықтарын қорғай келе, орыс тілін жетік білмейтіндігін мәлімдеп, сотқа істің мемлекеттік тілде қаралуы туралы өтінішхаттар білдіріп жатады. Ерейментау аудандық сотымен мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту мәселесі төңірегінде мемлекеттік қызметкерлер, заңгерлер, судьялар, прокурорлар мен адвокаттардың қатысуымен дөңгелек үстелдер мен семинарлар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады.


Ерейментау аудандық

сотыны бас маманы Ш.Салықова

10:23
897
Нет комментариев. Ваш будет первым!