Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Соттарда «электронды сенімхатты» пайдалану мүмкіншіліктері

Соттарда «электронды сенімхатты» пайдалану мүмкіншіліктері

«Сот кабинеті» сервисінің тұтынушыларына сотқа электронды сенімхатпен жүгінудің мүмкіншіліктеріне жол ашты.Енді сенімхатты ресімдеу немесе өкіліне өкілеттік беру үшін нотариусқа барудың қажеті жоқ. Ғаламтор менэлектрондық-цифрлық қолтаңбаңыз болса болғаны.

Сотқа талап арыз беру кезінде электронды цифырлы қолтаңба ЭЦҚ арқылы «Сот кабинеті» АЖ-не тірке­ліп, «Электронды сенімхат» бөліміне өту қажет. «Сенімхат» ашыл­ған соң, «Қосу» батырмасын ба­сып, сенімхат нысанын, соның ішін­де өкілдің деректерін тол­ты­рып, ЖСН негізінде өкілдің деректерін жеке тұлғалардың мемлекеттік базасынан автоматты түрде толтыруға болады.

«Элек­тронды сенімхат» ҚР АК 167-бабының талаптарына сәйкес әзірленген. Сенiм бiлдiрушiнiң өз атынан өкiлдiк етуі үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады.

ҚР АПК 61-бабы 1-бөліміне сәйкес, сенім­хатты сенім білдірушінің элек­трондық цифрлық қолтаңбасы­мен куәландырылған электронды құжат нысанында рәсімдеу көз­делген. АПК-ның 58-бабының негі­зінде сенім білдіруші өз өкі­ліне бірінші сатыдағы, апелля­циялық, кассациялық сотта мүдде­сін білдіруге, сондай-ақ шағым, өтініш пен арыз беру және қол қою, талап қоюдан толық немесе ішінара бас тарту, талапты тану, талап қою міндетінің мәнін ұлғайту немесе негізін өзгерту, азаматтық іс материалдарымен танысу, олардан үзінді көшірмелер жасау және көшірмелерін алу, қарсылық білдіру, сот оты­рысының хаттамасымен таны­су және оған жазбаша ескерт­пе беру, сот шешіміне, ұйғарымына және қаулысына шағымдану, бітімгер­шілік келісім жасау және басқа да құқығын сеніп тапсыруға құқылы.

Сонымен қатар, «электронды сенімхатты» бір­неше сенімді өкілге беруге бола­ды, сенімді өкілдер саны заң­мен шектелмейді. Электронды сенім­хатты тоқтату Азаматтық кодекс­тің 170-бабына сәйкес, жүзеге асырылады.
Енді сенімхатты ресімдеу үшін тараптардың нотариусқа барып, қажетсіз қаражат шығарып, сенімхатты рәсімдеудің қажеттілігі жоқ. 

Ерейментау аудандық

сотының кеңсе меңгерушісі Т.Бертанов

13:51
906
Нет комментариев. Ваш будет первым!