Тіліміз – асыл қазынамыз…
Ұлтаралық достық пен татулықты сақтайтын маңызды фактор, түрлі мәдениеттің өзара баюына ықпал етуші тіл саясаты болып келеді, өйткені әр этностың тілі- негіз, оның әдет-ғұрпының және мәдениетінің сақталуының басты шарты.
Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз.
Адамды мұратқа жеткізетін –ана тілі мен ата дәстүрі. Әрбір елдің қуатты күші, байлық – бақыты экономикалық, саяси- әлеуметтік даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады. Ал мәдени мұра, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойымен көрінісі – тілге тікелей тәуелді екені белгілі. Халықтың сақталуы да тілге тәуелді. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі екендігін ешкім де жоққа шығармайтыны баршаға мәлім. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас,тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар екенің бәріміз білеміз.
Қазақстан Республикасының Президентінің бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілдің мәртебесін іске асыру оның қажеттігімен айқындалады деп көрсетілген. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 19 бабында көрсетілгендей, ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алу құқығы адамның және азаматтың ажырамас конституциялық құқығы болып табылатындығы кездейсоқ емес.
Осыған байланысты, арызбен сотқа жүгінген кезеңнен бастап, сот ісін жүргізу тілі анықталады. Алайда, соттың қорғауына жүгіну тілі арызданушының тіліне әрқашан сәйкес бола ма? Сот тәжірибесі оның алыс екенін көрсетеді.
Ана тілдің дамуы ұлттық санаға тікелей әсер етеді. Өз ана тілінде тәрбиеленген ұл мен қыз сөз қадірін түсінеді. Бүгінгі таңда тіл экологиясы қалыптастыратын заман келді. Өйткені тіл-қарым-қатынас құралы. Ұлы Абайдың сөзімен айтқанда «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы».
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей-өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!
Айымгүл Әубәкірова,
Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі