Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Мемлекеттік тілдің қолданылуы

​Мемлекеттік тілдің қолданылуы

1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі делінген. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруi үшiн қажеттi ұйымдық, материалдық және техникалық жағдай жасау туралы Конституцияның 93-бабында да көрсетілген.

Ендеше ата заңғымыздың қасиетті жетінші бабында көрсетілген тіл саласындағы біздің бағыт-бағдарымыз айқын. Тіл аясындағы ұстанымды жаңғыртып, дәріпти білсек, ниеті түзу, пайымы биік қай адамның болсын құрмет сезімін туғызары шүбәсіз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тілге деген қамқорлығы, ана тілмен бірге басқа ұлттардың тіліне, мәдениетіне деген риясыз құрмет сезімі жұртшылыққа кеңінен мәлім.

Ұлттық болмыстың бірінші белгісі болып табылатын құдіретті қалыптың бірегей бір бөлігі – мемлекеттік тілде ресми іс жүргізу қаласын-қаламасын қанатын кеңге жаюға тиіс болды. Іс қағаздарын дұрыс толтырып, әр түрлі құжаттарды сауатты жазып, айналымға енгізу, яғни іргелі дәрежеде кеңсе ісін жүргізу – кез-келген егемен ел, тәуелсіз мемлекет мәдениетінің маңызды көрсеткішіне айналары һақ. Іс қағаздар қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады, онда тілдің жүгі өте зор.

Сот жүйесінде мемлекеттiк тiлге деген талап ерекше, сотта шығыс құжаттар, ішкі айналым құжаттары толығымен мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілінде жүргізіледі.

Мемлекеттiк тiлдiң сот жүйесiнде қолданылу аясы одан әрi кеңейуде, Кадрлардың тиiстi тiл даярлығы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мемлекеттiк органдармен құжат айналымын сот тiкелей мемлекеттік тілде жасауға аса көңіл бөлуде. Бұл ретте мемлекеттік тiлдiң тек iс қағаздарын жүргiзу саласында ғана емес, сот актiлерiн әзiрлеу, сот процессін жүргізу мәселесiнеде көп көңіл бөлініп жатыр.

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, ауызекі және көрнекі әсер етудің түрлі нысандары мен әдістерін пайдалана отырып, мемлекеттік тілді насихаттау тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Атап айтқанда әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы жүйелі түрде мақалалар, жаңалықтар шығарылып тұрады. Мемлекеттік тілге байланысты дәрістердің оқылуы, басқа мемлекет органдарымен дөңгелек үстелдердің, семинар, конференциялардың өткізілуі қазақ тілінің дамуының бір айғағы.

«Ұлттың ұлт болып қалыптасуының бірінші шарты – тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді» деп М.Жұмабаев айтқандай, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтіп, мәртебесін биіктету – әрбір мемлекет үшін басты мақсат. Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Тіл – қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Сондықтан қоғамды дамытудың басты ұстанымы – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

Тіл – мемлекет айнасы. Елбасымыз «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тіліндей қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу қажет» - деген сөздері әр қазақстандық үшін міндет.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқым, сондықтан мемлекеттік тілдің тұғырын биік ұстап, дамуына ат салысайық.

Ерген Жәнібеков

Есіл аудандық сотының аға сот приставы

10:13
1466
Нет комментариев. Ваш будет первым!