Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Бітімгершілік шығармашылықтағы судьяның жаңа рөлі

​Бітімгершілік шығармашылықтағы судьяның жаңа рөлі

Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастық әріптесіне теңескен заманда, сот төрелігінің қолжетімділігі мен әділдігі туралы ережелердің іргесін жедел дамыту мәселесі ереше маңызға ие болып отыр. Бұл мәселе тек құқықтық ұсынымдар мазмұнының талаптарына ғана қойылмайды, ол талап барлық құқықтық мәдениет қоғамының деңгейіне және әрбір азаматқа қойылады.

Судьялардың VII Съезінде Елбасы Н.А.Назарбаев сот саласының қазіргі заманға сәйкес дамуына ерекше назар аударып, соттардың алдына даулардың бейбіт тәртіппен шешілуіне соттардың жұмысын қалыптастырып, азаматтарға жүйелі түрде бітімгершілік рәсімдері әрекеттерін түсіндіру қажеттігі туралы мақсат қойды.

ҚР «Медиация туралы» Заңы 6 жылдан асса да осы заңның әрекеті және қабылдануы – Қазақстанның барлық құқықтық жүйесі үшін белгілі өзгеріс әкелді. Осы кезге дейін заңдарға концептуальды өзгерістер мен толықтырулар, атап айтқанда Азаматтық, Қылмыстық кодекске сонымен қатар, Қылмыстық процесстік және Азаматтық процесстік кодекстерге өзгерістер енгізілді.

Азаматтық процестік кодексте көзделген бітімгершілік рәсімдері 01.01.2016 жылдан әрекет етіп, жаңа деңгейдегі сапаны игерді, соның ішінде медиация рәсімдерімен кеңейіп қалыптастырылды.

Бұл бірыңғай құрылғы адам құқығы мен бостандығына, адамның өзіне деген құрметті көтеруге, азаматтық және адамдар арасындағы қатынастағы өркениетті қалыптастыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға, әлеуметтік және өзге де қайшылықтарды, қарама-қайшылықтарды, дауларды екі жақты келісіммен шешуге бағытталды.

ҚР АПК-нің 174 бабына сәйкес сотқа істі қарау барысында тараптардың бітім келісімге келуіне шара қолдануға және барлық сатыда дауды реттеу туралы ықпал жасауға міндет жүктелген.

Бүгінгі күні азаматтық процессте жаңалық болып енгізілгені сот медиациясында сотқа қатысқан кезде және партисипативтік рәсімдерде тараптар арасына адвокаттардың қатысып ықпал етуі болып табылады.

ҚР «Медиация туралы» Заңының 9 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес сотта татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде судьялар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады.

ҚР АПК-нің 179 бабының 4 бөлігіне сәйкес тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.

Енді жаңа медиацияның құрамы өзіне дауларды шешу кезінде тек кәсіби медиаторлардың ғана қатысуымен ғана емес, судьялардың да медиатор ретінде қатысуымен дауларды шешуін қалыптастырды.

Сот медиациясын бірінші сатыда өткізу тәртібінде басқа судьяға беруді ұсынады, алайда тараптардың өтінішхаты бойынша бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.

Осы негізде жаңа ҚР АПК судьяға медиатор ретінде тараптарды келістіруші ретінде жаңа рөлді айқындап берді.

Бүгінде медиация өзінің ерекше маңыздылығын ювеналдық соттарда көрсетті, алайда аталған соттың жұмысы балалармен байланысты және ерекше көзқарасты талап етеді. Осындай құқықтық қарым-қатынас, балалардың тәрбиесіне байланысты ұзақ сипаттама қалдырады, сондықтан олардың даулардын сот талқылауында шешу қол емес.

Мысалы балалармен қарым-қатынас жасау уақытын белгілеу туралы дауларды қараған кезде судья тараптарға баланың жасы кәмелетке толғанша дамып, өсуіне байланысты баламен қарым -қатынас кестесі өзгеретіндіктен, дауды медиация тәртібімен бітімгершілік рәсімдерін қолданып шешу қажеттігі туралы түсіндіреді. Бұл негізде толық көзқарас жанұяда қалыптасқанша, ең төмен дегенде,ата-ана арасында ашық қайшылықтың болмауы, бала өмірі туралы келісім қалыптасуы, жасының өсуіне байланысты қажеттілігінің өсуі сияқты жағдайларда медиациялық келісім маңызды.

Бұл жағдайды сот талқылауында келістіру мүмкін емес, бұл дау өзінің заңи тұрғысынан күрделі және баланың сотқа қатысуын ұсынады. Баламен әлеуметтік, психиологиялық зерттеу жүргізуде баланың өрескел психиологиялық жарақат алып келуіне жол бермеуге, ата-аналар арасында қайшылықты реттеуде медиация қолдану маңызды нәтижесін береді.

Егер Ақмола облысының ювеналдық сотының 2017 жылғы базасына көз жүгіртер болсақ, медиация тәртібімен соның ішінде судья медитордың қатысумен қаралған азаматтық істердің саны көбейгені байқалады. Осы сотта қаралған 289 істің 34-і медиация тәртібімен қаралған.

Аталған сандардың өсуі азаматтардың сотқа деген сенімінің өскендігін аңғартады.

2017 жылғы 26 қаңтарында ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Ережесі бекітілген еді.

Пилоттық жоба кәмелетке толмагандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соотарында, азаматтық істерді қарайтын аудандық және оларға теңесітірілген соттардында, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында 2017 жылдың шілде айы бойынша іске асырылатын болатын.

Кәзіргі уақытта көрсетілген өкімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Пилоттық жобаның мақсаты - даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады.

Жобаның міндеттері: татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту; азаматтардың сот шығындырын барынша азайту; халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделігін анықтау болып табылады.

Медиация жүргізу болып табылатын даулардың (жанжалдың) санаттары кеңейтілген, олар: баланың мүдделеріне орай (баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау туралы, баланы басқа адамдардан тартып алу туралы, білім алушылардың білім жүйесінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім беру жүйесінің күндізгі оқу нысаны бойынша 21 жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы); Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159 бабының 1-тармағымен міндетті түрде сотқа дейінгі келісім комиссиясына жүгіну тәртібі көзделмеген еңбек даулары; мұрагерлік; көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерлерді су басқындығы туралы; пәтерден шығу туралы, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша; некені бұзу және мүлікті бөлу туралы; қарыз келісімшарттары бойынша; сақтандыру; мүлікке меншік құқығы туралы; тауар жеткізілімінің, жалдау, сатып алу-сату, тасымалдау шарттары бойынша; тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы; корпоративтік даулар бойынша; медициналық қызмет көрсетуіне байланысты.

Медиацияны тараптардың келісімі бойынша сотта судья немесе татуластыру рәсімдерін жүзеге асыратын медиатор жүргізеді.

Судья дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы келісімді бекіту туралы ұйғарымда сот АПК-нің 278-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік бажды қайтару туралы көрсетеді.

Статистикалық есептерге сүенетін болсақ ағымдағы жылдың 8-айында 40709 теңге төленген мемлекеттік баж қайтарылған.

Осы негізде, аталған заң бүгінде азаматтарға кең көлемде бітімгершілік рәсімдерін қолданып, олардың көмегімен сотта оңды шешім алуына, ал сот оны сот актісімен бекітіп, заңды күші бар құжатқа айналдыруына жол ашады.


Ә.Дүйсебаев

Ақмола облысының

кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының судьясы


15:43
1253
Нет комментариев. Ваш будет первым!