Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі

Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі

ҚР ҚК-нің 30 бабына сай Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тілдерде қолданылады.

Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады.

Аталған Заңды мәні бойынша қарайтын болсақ, барлық қылмыстық істер қазақ тілінде жүргізілуге жатады, өйткені сот ісін қазақ тілінен басқа тілге өзгертіп жүргізу мәселесін шешу қылмыстық процесті жүргізетін органның құзретінде. Алайда, Ақмола облысы бойынша, басым көп істер орыс тілінде тергеп-тексеріліп, сотта қаралып жатады. Басым көп істер орыс тілінде қаралудың ерекше себебінің бірі, жәбірленушілер мен сотталушылар, басқа да сот ісіне қатысушылардың көбі ұлты қазақ болғанымен, орыс тілінде білім алған, өз ойын, пікірін сол тілде ғана жеткізе алады. Осыған орай, қылмыстық істі қарайтын анықтаушы, тергеуші қылмыстық іс туралы арыз тіркелген күннен бастап, жәбірленуші арызды қай тілде бергенін, куәлардың көпшілігі қай тілде еркін айғақ бере алатынын, күдікті қай тілде еркін сөйлейтінін ескере отырып, уәжді қаулы шығарып, қазақ тілінен басқа тілге сот ісін жүргізу тілін өзгертеді.

Іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатыын адамдарға ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктемелер және айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар келтіру, іс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу аудармашының көмегімен жүзеге асырылады. Аудармашының көмегі тегін, оның іске қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етуге міндетті.

Сонымен қатар, егерде жәбірленуші сот ісін жүргізу тілін білмейтін болса, онда оның құқықтары мен заңды мүдделерін қоғау үшін процеске міндетті түрде қатысуға өкіл тартылады. Бұл жерде өкіл болып кәсіби адвокат іске қатысуға шақырылады. Егерде адвокаттты жәбірленушінің өзі жалдамаса, онда міндетті түрде қылмыстық процесті жүргізетін орган уәжді қаулы шығару арқылы жәбірленушіге адвокат тағайындайды және ол адвокаттың еңбек ақысы Республикалық бюджет қаражатынан төленеді.


Ғ.Қайшыбеков

Ақмола облысының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының судьясы

09:52
1382
Нет комментариев. Ваш будет первым!