Сот жүйесінің жетістіктері, электронды сот ісін жүргізу бағытындағы жетістіктер
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше кеңінен қолданып келе жатқан мемлекеттік мекемелердің ішіндегі ең үздіктерінің бірі десек, еш артық айтқандық болмас, өйткені бүгінгі күні қарапайым бұқара халық бұрынғыдай сот мекемелерінің табалдырығын тоздырмай, кез келген өзіне қалаулы уақытта электронды интернет жүйесі арқылы өз істерінің қай сатыға келгенін, оларды қарау тәртібімен және сотқа келмей-ақ өз арыз-шағымдарын тіркеуге мүмкіндіктері бар.
Бүгінгі күні сот жүйесіндегі жаңашылықтардың бірі электронды талап-арыз сотқа Электронды Үкімет порталы арқылы (www.egov.kz) беріледі. Ол үшін арнайы берілген үлгіні толтырып, жауапкердің тіркелген немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық (қалалық немесе оларға теңестірілген) сот таңдалып, арыз мазмұнын, істің дәрежесін және мемлекет баж салығының көлемін көрсету қажет.Үлгіні толтырған соң, талап қоюшы электрондық құжат нысанында талап-арыздың және құжаттардың басқа да көшірмелерін қоса тіркеп, талап-арызға өзінің электронды-сандық қолтаңбасын (енді – «ЭСҚ») қояды, одан соң талап-арыз сотқа жолданады.
Бұл электрондық нұсқада берілген талап-арыз сотқа жіберілген соң, бірер минутта (шамамен 20-30 минут ішінде) ол тиісті сотқа түсіп, тіркеуге алынады. Осы талап-арыз тиесілі сотта тіркелген сәтте, талапкерге (немесе арызданушыға) электрондық бақылау жүргізуге логин мен пароль беріледі, яғни оған жолданады.
Еліміздің Жоғарғы Сотының ресми сайтында осы логин мен парольді енгізіп, іспен ыңғайлы таныса алады. Электрондық талап-арыз көшірмелерін тіркегеннен кейін ол сотпен қаралып, қабылданғаны немесе кейін қайтарылғаны туралы хабарлама арыз иесіне электрондық портал арқылы немесе SMS хабарлама арқылы ескертіледі. Сонымен қатар бәрімізге белгілі еліміздің осы барлық соттарында 2013 жылдың 1 тамызы мен 31 желтоқсаны аралығында аталған іс жүргізу бойынша электрондық бақылауды енгізу бойынша пилоттық жоба қолға алынған болатын. Оның негізгі мақсаты, сот істері мен материалдарға қатысты сот ісіне қатысушыларға ақпарат алуға ыңғайлы бірыңғай және біртектес механизм құру болып табылды.Электронды бақылау жолымен іс жүргізу бұрын Республика сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпаратты талдау жүйесі (БААТЖ), ал 2015 жылғы қыркүйек айынан бері «Төрелік» ақпараттық жүйесі тұтас бағдарламаның сот істері бойынша мәліметтерді автоматты түрде ұсынуға халыққа жақсы мүмкіншілік туғызып отыр және оларды қолдану әдісі де аса күрделі емес. Осы электронды интернет-ресурстары арқылы сот істері бойынша құжаттарды көру және алу үшін, сот ісіне қатысушыларға кез келген мәліметті алу үшін рұқсат беретін пароль ұсынылып, ол автоматты түрде алушыны қамтамасыз етеді. Бұдан кейін сот істері мен материалдар бойынша деректерге қол жеткізу осы мүдделі азаматтар тіркеліп, оларға тіркеу-бақылау карточкасы берілген уақыттан кейін басталады, ал осы жердегі ең басты талап осы жүйені пайдаланушы адамда «ЭСҚ» міндетті түрде болуы керек.
Кез келген Қазақстан Республикасының жеке сәйкестендіру номері бар азаматы осы «ЭСҚ»-ны алуға және қажетті жерінде оны пайдалануға құқылы. Қазақстандағы және әлемдік «ЭСҚ»-ны пайдаланудың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, оның жасанды көшірмесін жасау мүмкін емес, себебі «жабық кілт» құпия сақталады және оның мәліметтері тек иесіне ғана белгілі болады. Одан басқа ешкім электрондық қолмен құжатқа қол қоя алмайды.«Төрелік» ақпараттық жүйесі туралы айтатын болсақ, бұл сот саласындағы жетістіктердің бірі. Тәуелсіз елімізде ақпараттық технологиялардың қолданылуы ілгері жылжып келеді. Бүгінгі күні еліміздегі көптеген мемлекеттік органдар іс жүргізудің озық технологияларын, электронды құжаттар айналымын пайдаланады.
Бұл игі үрдістен соттарда тыс қалмай, іс жүргізуде заман ағымына сай жаңа жүйені меңгеруде. Соттармен арадағы құжат айналымы мәселесі бірте-бірте қағаздан электрондық форматқа ауыстырылды.
Бүгінгі таңда құжат айналым жүйесі жетілдірілді. Соттарға «Төрелік» құжат айналым ақпараттық жүйесі енгізіліп, күнделікті іс жүргізу аталмыш жүйе арқылы жүзеге асырылуда. «Төрелік» ақпараттық жүйесін енгізудегі негізгі мақсат - іс жүргізу ақпаратын, шығарылған шешімдермен танысу, қаулылармен, сот ұйғарымдарымен және басқа да қажетті ақпараттарды сот ісін жүргізуге қатысушыларымен шұғыл алу. Азаматтар үйлерінде ғаламтор арқылы электронды түрде талап-арыздарын беріп, сол арыздарының қандай сатыда жүріп жатқанын қадағалай алады. Аталмыш жүйе басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуға қолайлы, жүйені пайдаланушыларға тіркеу рәсімі жеңілдетілген, ақпарат алу жүйесі жеделдетілген, барлық тіркеу түрлері онлайн режимінде көрінеді. «Төрелік» ақпараттық жүйесі - сот саласындағы жетістіктердің бірі. Құжаттардың сауаттылығы, түсініктілігі, ұқыптылықпен дайындалуы халықтың сот жұмысын бағалауына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында «Жаңа сот актілерінің банкі» атты сервис іске қосылды. Бұлсервистің басты мақсаты азаматтардың сот төрелігіне қолжетімдігін жеңілдетуді көздейді. Оның міндеті – сот процесінің қатысушылары мен олардың өкілдеріне құқықтық шектеулерді ескере отырып, барлық сот сатыларының сот актілеріне рұқсат беру. Осы сервистің жұмыс істеуінің оң тәжірибесі пилоттық режимде «Жаңа сот актілерінің банкі» кеңейтілген сервисін әзірлеуге және іске қосуға негіз болды. Кейіннен «Сот істері жөніндегі анықтамалық» сервисі «Сот кабинеті» сервисінің құрамына енгізіледі және тек қана тіркелген пайдаланушыларға істердің қозғалысы, іс жүргізу құжаттары және ағымдағы сот актілері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қолжетімді болады.
«Жаңа сот актілерінің банкінде» 2016 жылы бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған заңды күшіне енген сот шешімдері (үкімдері) іздеу үшін қолжетімді болып табылады. Кейінірек 2015 жылы шығарылған сот актілері, соның ішінде Жоғарғы Соттың сот актілері қолжетімді болмақ. Жаңа сервистің заңды күшіне енген сот шешімдері (үкімдері) сұрату интерфейсінде кеңейтілген іздеу салуды орындауға мүмкіндік беретін қосымша критерийлер енгізілген.
Пайдаланушыларда сот шешімдері (үкімдері), қаулыларына келесі критерийлер бойынша қол жеткізу мүмкіндігі бар: облыс, сот органы, сот процесінің қатысушысы, шешім (үкім) шыққан күні, сот ісін жүргізу түрі, істің санаты, сот сатысының түрі және қарау нәтижесі. Бұл ретте, дәлме-дәл нәтижесін көрсету үшін сервисте бір-бірден, сондай-ақ бірнеше критерийлер бойынша іздеуді жүзеге асыру қарастырылған. Жаңа іздеу интерфейсін әзірлеу кезінде шетелдік сот органының іздеу жүйелерін іске асырудың озық тәжірибесі, отандық сарапшылардың ұсыныстары зерттеліп қолданылды, сондай-ақ сот талқылауларының кейбір түрлері бойынша шешімдерді таратуға құқықтық шектеулер ескерілген.
«Жаңа сот актілерінің банкі» «Сот кабинеті» сервисі секілді соттардың тұрғындармен өзара іс-қимылын орнатуға және сот ісін жүргізуді жеңілдетуге бағытталған бірыңғай терезе рөлін атқарады. Сот ісін жүргізу жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу сот органдары қызметінің ашықтығын, сот жүйесі мен сотқа қатысушы адамдардың уақытысы мен материалдық шығынын үнемдеуді қамтамасыз етеді
Сөз соңында біздің айрықша айтқымыз келгені, осындай үдерісті және қарқынды даму жолында еліміздің ары қарай қарыштап дамуы үшін электронды модельге көшу біз үшін де және ел үшін де аса қажеттілік деп есептейміз. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» атты халыққа арнаған Жолдауында «интеграциялық заман талабына сай Қазақстан елін құруымыз керек және сол жолда елдің бүкіл азаматтары жақсы атсалысып, оған өз үлестерін әрдайым тигізуі қажет» делінген болатын.
Дархан Үкібаев
Ақмола облысы Есіл аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі