Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Жаңа технологиялар сотта кеңінен қолдануда

​Жаңа технологиялар сотта кеңінен қолдануда

Сот жүйесінің заманауи технологиялармен жабдықталуы өркениеттің белгісі. Бүгінгі таңда, қоғамға барынша ашық әрі сапалы қызмет көрсету үрдісі әлемдегі бәсекеге қабілетті елдерде жоғары бағаланады. Қазақстан Республикасы Судьяларының VI съезінде Елбасы сот төрелігінің сапасы мен ашықтығын қамтамасыз етуде жаңа технологияларды кеңінен енгізу қажеттілігін, заманауи технологиялардың көмегімен халыққа жоғары дәрежеде қызмет көрсетуге қол жеткізуге болатынын тілге тиек етіп, осы бастаманың жүзеге асуына өзі пәрмен берген болатын. Нәтижесінде, ақпараттық технологиялар республикамыздың түкпір-түкпіріндегі барлық соттарға жетті.

Еліміздегі кез келген соттың сот залдарынан үн-бейне құрылғыларын көруге болады. Азаматтардың сот табалдырығын тоздырмай, уақыт үнемдеудің де оңтайлы шешімі табылып, Жоғарғы Сотта «Сот кабинеті» электрондық іс жүргізу сервисі қолданысқа еңгізілді. Бұған қоса, 2015 жылдың тамыз айынан «Сот кабинеті» аясында соттарға әкімшілік істерді электрондық түрде жіберу мүмкіндігін беретін «Әкімшілік істерді жіберу» сервисі іске қосылды. Ал, 2016 жылдың наурыз айынан бастап Жоғарғы Сот жанындағы Департамент «Төрелік» жобасын тәжірибеге қосты.

Сонымен қатар, сот процесінің қатысушыларын SMS және электронды пошта арқылы құлақтандыру, «Сот құжаттарымен танысу» «Электронды шақыру қағазы сынды тағы да басқа бірқатар ақпараттық жетістіктер қолданылуда. «Электронды сот төрелігінің» басты бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды пайдаланып, сот жүйесін жеңілдетуді және қолжетімді етіп қолдануды көздейді. Жалпы, сот жүйесінің заманауи технологиялармен жасақталуы сот төрелігінің ашықтығын арттырып келеді.

Оралхан Абзалиева

Есіл аудандық сотының бас маманы

11:31
1219
Нет комментариев. Ваш будет первым!