Мемлекеттік қызмет ардагерлері тәуелсіздік құрдастарымен кездесті
Мемлекеттік қызмет ардагерлері тәуелсіздік құрдастарымен кездесті
Биылғы жылы Мемлекеттік қызметші күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы мерекесі аясында өтіп жатыр.
Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде мемлекеттік қызмет ардагерлері, ғылым саласының, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының өкілдері, тәуелсіздіктің құрдастары - жас мемлекеттік қызметшілер шақырылды.
Кездесуде өңірдің мемлекеттік қызметінің қалыптасу тұғырында болған, жоғары білікті кадрларды тәрбиелеп шығарған мемлекеттік қызмет ардагері, «Құрмет» орденінің кавалері Марат Құлмағамбетов жас әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметшілерді кәсіби, тиімді, адал болуға, заңдылықты бұлжытпай сақтауға шақырды.
Департамент басшысы Берген Беспалинов өзінің құттықтау сөзінде тәуелсіздік құрдастарының қатысуы осы кездесуге ерекше мән беретінін атап өтті, өйткені олар мемлекеттік басқарудың түрлі салаларында еңбек етіп, еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Мемлекеттік қызмет ардагері Алтынай Аминова мемлекеттік қызмет туралы естеліктерімен және құттықтау сөздерімен бөлісті. Оның айтуынша, кез-келген мемлекеттің болашағы білікті әрі білімді кадрларға байланысты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Белла Газдиева және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің өкілі Надежда Медведева құттықтау сөз сөйледі.
Өңірдің мемлекеттік қызметін дамытуға жеке үлес қосқан мемлекеттік қызметшілер Департамент басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында Департаменттің бастамасымен дәстүр бойынша бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өту қажет. Мысалы, «Үздік мемлекеттік қызметші» облыстық байқауы, мемлекеттік қызметшілердің балалары арасында «Менің ата-анам мемлекеттік қызметші» суреттер байқауы өткізілді, мемлекеттік қызметке алғаш рет түскен мемлекеттік қызметшілердің онлайн режимінде ант қабылдауы өткізіліп, өңірдің баспасөз басылымдарында мемлекеттік қызметшілер туралы имидждік мақалалар жарияланды.
Жазира Тоқтар, ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз хатшысы
Ветераны госслужбы встретились с ровесниками независимости
В этом году торжественное мероприятие, посвященное Дню государственного служащего было ознаменовано 30-летием Независимости Республики Казахстан.
В качестве почетных гостей на мероприятие приглашены ветераны государственной службы, представители научной сферы, проекта «100 новых лиц Казахстана», молодые государственные служащие - ровесники независимости.
Молодых коллег с профессиональным праздником поздравил ветеран государственной службы, кавалер ордена «Құрмет» Марат Кульмагамбетов, который стоял у истоков становления госслужбы региона, воспитал немало высококвалифицированных кадров. В своем выступлении он подчеркнул – госслужащие не должны забывать о том, что народ ожидает от них профессионализма, честности, безусловного соблюдения законности.
В своей поздравительной речи руководитель Департамента Берген Беспалинов отметил, что участие ровесников независимости придает особый смысл данной встрече, так как они являются государственными служащими, которые трудятся в различных сферах государственного управления, вносят неоценимый вклад в развитие нашей страны.
Своими воспоминаниями о государственной службе и словами напутствия поделилась ветеран государственной службы Алтынай Аминова. По ее словам, именно от квалифицированных и компетентных кадров зависит будущее любого государства. Также с поздравительной речью выступили директор филиала Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан Белла Газдиева и представитель Кокшетауского университета имени Абая Мырзахметова Надежда Медведева.
Государственные служащие, внесшие личный вклад в развитие государственной службы региона были поощрены благодарственными письмами руководителя Департамента.
Необходимо отметить, что в рамках празднования Дня государственного служащего по инициативе Департамента по традиции организован ряд значимых мероприятий. К примеру, проведены областной конкурс «Лучший государственный служащий», конкурс рисунков среди детей государственных служащих «Менің ата-анам мемлекеттік қызметші», принятие присяги в режиме онлайн государственными служащими, впервые поступившими на государственную службу, опубликованы имиджевые статьи о государственных служащих в печатных изданиях региона.
Жазира Тоқтар, пресс-секретарь Департамента АДГС по Акмолинской области