Әкімшілік іс жүргізу қатысушыларына арналған жаңалықтар
Әкімшілік іс жүргізу қатысушыларына арналған жаңалықтар
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті әкімшілік процеске қатысушылар үшін кері байланыстың жаңа функционалын іске асырды.
Осы функционал Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің (ӘІБТ) жария секторының модулі болып табылады және әкімшілік процеске қатысушылардың ыңғайлылығы мен уақытын үнемдеу үшін құрылған.
Осы қосымшаның көмегімен қатысушылар әкімшілік іс бойынша өтінішті немесе шағымды тікелей оны қараған органға жібере алады және оған уақтылы жауап алады.
Ол үшін Qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінде «Әкімшілік құқық бұзушылықтарға шағым жасау» қосымша бетін таңдау қажет.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 826-1-бабы тәртібінде шағымды процеске қатысушы ғана өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) көмегімен авторландыру арқылы бере алады.
Шағымның мәнін баяндаумен қатар іс бойынша растайтын құжаттарды бекіту мүмкіндігі бар.
Өтініш сақталғаннан кейін ол мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына ӘІБТ ақпараттық жүйесіне түседі.
Шағымды қарау нәтижесі өтініш берушінің e-mail поштасына электрондық хатпен жолданады.
Әкімшілік іс бойынша қаулыға және айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға берілетін шағымдарды қарау тәртібі ӘҚБтК-нің 826-2, 826-3, 826-4, 826-5-баптарымен реттеледі.
Сонымен қатар бұл жүйеде авторландыру, шағымдану және шағымның жүйедегі мәртебесін қарау бойынша қолданушыға арналған нұсқаулық бар.
ҚР БП ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАСҚАРМАСЫ
Новшества для участников административного производства
Комитетом по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры для участников административного процесса реализован новый функционал обратной связи.
Функционал является модулем публичного сектора Единого реестра административных производств (ЕРАП) и создан для удобства и экономии времени участников административного процесса.
С помощью данного приложения участники могут подать заявление либо жалобу по административному делу напрямую в орган, его рассмотревший, и своевременно получить ответ. Для этого необходимо в Информационном сервисе Qamqor.gov.kz выбрать вкладку «Обжалование административных правонарушений».
Жалобу в порядке ст.826-1 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях (КоАП) может подать только участник процесса, авторизуясь с помощью своей электронно-цифровой подписи (ЭЦП).
Наряду с изложением сути жалобы, имеется возможность прикрепления подтверждающих материалов по делу.
После сохранения обращения, оно поступает в информационную систему ЕРАП должностному лицу государственного органа. Результаты рассмотрения жалобы будут направляться на e-mail заявителя электронным письмом.
Процесс рассмотрения жалоб на постановление по административному делу и предписание о необходимости уплаты штрафа регулируется ст.ст. 826-2, 826-3, 826-4, 826-5 КоАП.
Также в указанной вкладке размещена инструкция пользователя, где имеются рекомендации по авторизации, подаче жалобы и просмотра её статуса в системе.
Управление Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК по Акмолинской области