Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы көңіл көншітпейді. Неге?

​«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы көңіл көншітпейді. Неге?

Ақмола облысында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға барған 944 жас маман келісімшарттарын бұзған. Ал «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша соңғы үш жылда диплом алған 714 түлектің 71-і ғана ауылда жұмысын істеп, тұрақтап қалған. Бұл көрсеткіш жастардың ауылдан безіп, қалада өмір сүргісі келетіндігінен бе немесе мемлекеттік бағдарламалар әлі де болса жетілдіруді талап ете ме?

Естеріңізге сала кетейік, аталған екі мемлекеттік бағдарламада жастар үшін қолайлы жағдайлар көзделген, көтермеақыдан бөлек, тұрғын үй алуға жеңілдікпен несие де беріледі. Мұндай әлеуметтік көмек түрлерін алған жас маман барған ауылында кемінде үш жыл жұмыс істеуі тиіс. Ал енді ғана оқуын бітірген, тәжірибесіз жас маманға бұл керемет мүмкіндік деуге болады. Екі бағдарламаның да басты мақсаты – ауылдық жерлерге білікті мамандарды тарту, яғни жастарды ауылда тұрақтандыру. Ал қазіргі жастардың басым көпшілігі ауылдан емес, қаладан жұмыс іздейтіні, ауылдан безетіні шындық.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы 2009 жылдын бастау алады. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының ұсынған ақпаратына сәйкес, бағдарлама енгізілген сәттен бастап облыстың ауылдық жерлеріне 5 мыңнан астам жас маман жолдама алған. Оларға бюджеттен 809 миллион теңге көтермеақы төленіп, 2 801 маманға баспана алу үшін 8,3 млрд теңге несие берілген. Биыл 3 369 жас маманға несие, 616 жас маманға көтермеақы беру жоспарлануда.

Мөлдір МАХАББАТ

11:41
501
Нет комментариев. Ваш будет первым!