Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Жыл басынан бері облыста 4 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды

​Жыл басынан бері облыста 4 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды

Ағымдағы жылдың төрт айында Ақмола облысында кәмелетке толмаған балалардың 4 суициді және суицид жасауға әрекет еткен 6 жағдай тіркелген. Ал өткен 2020 жылдың алғашқы төрт айында 3 суицид пен 3 суицид әрекеті тіркелген болатын. Бала өзінің жанайқайын өз-өзіне қол жұмсау арқылы шешіп, барлық проблемалардан құтыламын деп ойлайды. Бұл жағдайды алдын алу мүмкін бе? Баланың сырын ұғыну соншалықты қиын болғаны ма?

Еліміздің болашағы – бүгінгі балаларымыз. Бірақ соңғы уақытта кәмелет жасына толмаған балалардың өз-өзіне қол жұмсап, суицидтік әрекетке баруы жиілеп барады. Адамзаттың ең ауыр қасіреті – балалардың суицид жасауы. Бұл баланың жанұядан бастап, мектебі, достарының арасынан өзінің орнын таба алмай, дұрыс үйлесімде жетіле алмауының көрінісі ме? Әлде балаға жастайынан «ұят болады», «жұрт не дейді» дегенді шектен тыс миына құйғандықтан ба? Отбасының әлеуметтік жағдайы да әсер етеді деп жатады. Жауапсыз махаббат, жатырқаушылық, жауапсыздық және буллинг деген тағы бар. Айтпақшы, елімізде «буллинг» терминінің анықтамасы күні бүгінге дейін жоқ. Қысқаша қайырар болсақ, буллинг – қорқыту, үстемдік жасау дегенді білдіреді.

Осы мәселеде мектептегі педагог-психологтардың да қызметі зор. Өкінішке орай, облыстың білім беру ұйымдарында педагог-психологтардың тұрақталып, жұмыс істеуі де үлкен проблема болып қалуда. Бүгінгі таңда облыс бойынша 20-дан астам педагог-психолог лауазымының бос орны бар. Бірқатары бірнеше мекемеде қатарынан жұмыс істесе, кейбіреуінің тіпті мамандығы сәйкес келмейді. Оның бірінші себебі – еңбекақыда. Балалардың өлім құшуы себебінің бірі де осы болуы мүмкін. Бірақ қайдам...

Мөлдір МАХАББАТ

13:36
383
Нет комментариев. Ваш будет первым!