Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​"Nur Otan" партиясы - мақсаты айқын, арманы биік, нақты іскер партиясы!

​"Nur Otan" партиясы - мақсаты айқын, арманы биік, нақты іскер партиясы!

Сайлау - еліміз үшін маңызды, саяси реформалардың бірі. Кез- келген саяси реформа халық игілігі үшін жасалатыны хақ.

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін ауқымы кең сайлау. Бұл сайлау партиялардың нақты іс -әрекетін көрсететін, депутаттылыққа үміткерлердің халық үшін қаншалықты еңбек ететінін айқындайды.

Ал "Nur Otan" партиясы әрдайым сөзі мен ісінің үйлесім табатынын дәлелдеп келеді. Түйіні қиын мәселелердің басы қасынан табылатын партия, алдағы сайлау науқанына да білек сыбана кірісіп , әр күн сайын тұрғындармен жүздесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырып келеді.

"Nur Otan" партиясының - партия мүшелері қатарында, белсенді жастар қауымы да бар. Атап айтсақ , аудандық мәслихат депутаттығына үміткер

Шошанов Әлимжан Қайратұлы.

Әлімжан Қайратұлы - Ерейментау өңірінің тумасы, ауданның айтарлықтай мәселелерін зерттеп, тұрғындармен "Есіктен есікке" акциясын өткізді.

Аудан тұрғындарымен жүздесіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қандай кездесу, акция болмасын үміткерлер халықпен бірге болатын "Nur Otan" партиясымен бірге жеңіс тұғырынан көрінуге шақырады.

"Nur Otan" партиясы саяси аренада шоқтығы биік партия.

Сондықтан да , алдағы сайлау науқанында "Nur Otan" партиясына дауыс беріңіздер!

"Nur Otan" партиясының Ақмола облысы Ерейментау ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді

11:27
343
Нет комментариев. Ваш будет первым!