Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Nur Otan» партиясы қашан да алда!

«Nur Otan» партиясы қашан да алда!

Новочеркасск ауылының тұрғындары – «Nur Otan» партиясынан Астрахан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Дүйсен Сағадатовпен болған үгіт кездесуі өткізілді.


Өзінің туған ауылында Дүйсен Қазизұлы жерлестерінің құрметіне және зор сеніміне ие. Үлкен жұмыс тәжірибесі бар кәсіпкер, ол өзі аяққа тұрып қана қоймай, ауылдастарына да көмектесті. Ал аудандық және облыстық мәслихаттардың депутаты бола жүріп, құрамында үш ауылы бар Новочеркасск округін сумен жабдықтау және абаттандыру мәселелерін шешті. Дүйсен Сағадатов өзінің жерлестерін «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оның ауданда шешілуі тиіс сәттері мен міндеттеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Тыңдаушылардың қызығушылығы өмірдің барлық салаларына қатысты алдағы жұмыстардың ауқымы болды. Айталық, ауылдың базалық кәсіпорны – «Федоренко и К» ЖШС қызметкерлерін егіншілік пен мал шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік қолдау мәселесі қызықтырды. Осы сұраққа жауап бере отырып, Дүйсен Сағадатов агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтарының бірі және ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету ауқымы жыл сайын өсіп келе жатқанын атап өтті. Ағымдағы жылдың өзінде ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 1,8 миллиард теңге субсидия алды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында мал шаруашылығы саласында барлық түрдегі мал басының өсуі байқалады. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының базарларына «Елорданың азық-түлік белдеуі» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 9 айында 1,6 мың тонна ет және 2,3 мың тонна сүт жеткізілді.

Ауыл тұрғындары аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткермен кездесіп, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің табысын арттыру қажеттілігі туралы әңгімелесті. Дүйсен Сағадатов бұған жауап берді:

- Жалақыны арттыру мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа озық технологияларды енгізу есебінен мүмкін болады, осының есебінен оның өзіндік құны төмен болады. Сондықтан «Nur Otan» партиясы осы салаларды одан әрі дамыту міндетін қойып отыр. Атап айтқанда, біздің ауданда жоғары технологиялық жабдығы бар үш сүт-тауар фермасын ашу жоспарлануда. Етті мал шаруашылығын дамыту 2025 жылға дейін өнімді қайта өңдеудің жабық циклі бар 37 ет фермасын құруға негізделетін болады. Сондай-ақ, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын ұлғайту көзделіп отыр, ал жоғары өнім алу үшін минералдық тыңайтқыштар мен сапалы егіс материалын субсидиялау күтілуде. Осы шаралардың барлығы 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығындағы орташа айлық жалақыны 128 мыңнан 160 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Кездесуде партияның шағын және орта бизнесті дамыту, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау жөніндегі жоспарлары талқыланды. Айта кету керек, Дүйсен Сағадатовтың өзі осы санаттағы ауыл тұрғындары үшін тұрақты демеуші болып табылады, сондықтан оның сөзіне сеніммен қарады. Жерлестер кандидатты 2021 жылғы 10 қаңтарда дауыс беру күні «Nur Otan» билеуші партиясына міндетті түрде дауыс беретіндеріне сендірді.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Астрахан ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

11:42
372
Нет комментариев. Ваш будет первым!