Ауыл халқының әл-ауқатын көтереміз!
Атбасар ауданында аграрлық секторда 232 шаруашылық субьектісі бар, оның 61-і ЖШС болса, ал 171-і шаруа қожалығы. Ауыл шаруашылығы – экономикалық дамушы күштің бірі екені даусыз. Сондықтан да ауыл шаруашылығы дамыған сайын халықтың да әл-ауқаты жақсарады деген сөз.
«Экономикалық тұрақты аудан». Осылайша «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығын дамытуды басты бағыт етіп алып отыр. Бұл туралы депутаттыққа үміткер, аудан әкімінің орынбасары Б.Қамбатыров үгіт-насихат барысында айтты. Бірлік Төлегенұлының айтуынша, бұл бағыттың басты мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру мен олардың өмір сүру сапасын жоғарылату, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін 5 инвестициялық жоба жоспарланған. Олардың арасында – «Әріп-Агро» ЖШС-де 400 бас малға арналған бордақылау пунктінің құрылысы; «Шуйское-XXI» ЖШС-де сүт-тауар фермасының ашылуы; «Интер-Трайд» ЖШС-де құс фабрикасын салу (20 жұмыс орны ашылмақ) көзделіп отыр. Сондай-ақ, аудандағы «Баха Соне» ЖШС-де сұлы үлпегін шығаратын фабрика, «Алтындән» ЖШС-де ет өнімін қайта өңдеу цехы ашылмақ.
Аудандық мәслихатқа үміткерлер Н.Рахимов пен Р.Зарахов ауыл халқын «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Олар ауыл халқының назарын мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына дәл технологиялар мен цифровизацияны енгізуге, минералды тыңайтқыштарды қолдану ауқымын арттыруға аударды. «Nur Otan» партиясы айлық жалақыны 150 мың теңгеге дейін арттыруды, ауыл халқын жұмыспен қамтуды, жеңілдетілген несиелер беруді, ауыл тұрғындарын «Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікке оқытуды мақсат етіп отыр.
Сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін «Nur Otan» партиясы 4 ауылда сумен қамту нысанының құрылысын жүргізуге қол жеткізбек. Шуйское және Покровка ауылдарында су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға шақ тұр.
Сочинское және Новосельское ауылдарында фельдшерлік амбулаториялық бекеттің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Тасқын суды болдырмау үшін «Nur Otan» партиясы Мариновка, Борисовка, Садовое ауылдарында дамба салуды міндет етіп қойып отыр.
Депутаттыққа үміткерлер Н.Безверхова мен М.Токарев ауыл шаруашылығының даму перспективалары жайлы айтып берді. Олар – ауыл шаруашылығы жануарларының санын арттыру, атап айтқанда асыл тұқымды мал басын көбейту, шикізатты өңдеу, дайын өнім шығару жайлы тұшымды әңгімеледі. Сонымен қатар, аграралық секторда «Алқаптан – үстелге» атты толық циклді өндіріске жағдай жасалынуда.
«Nur Otan» партиясы атынан депутаттыққа үміткерлер партияның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту үшін және олардың әл-ауқатын көтеру үшін бар күшін салатынын жеткізді.
Сонымен қатар, депутаттыққа үміткерлер Сочинское, Сепе, Новомариновка, А.Құрманов, Тимашевка, Новосельское ауылдарында да болып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan»-ға дауыс бер! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Атбасар ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.