Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Біздің аудан тұрғындары бейбітшілік пен келісімді және тұрақтылықты таңдайды!

​Біздің аудан тұрғындары бейбітшілік пен келісімді және тұрақтылықты таңдайды!

Облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт- насихат жұмыстарының аяқталуына да азғантай уақыт қалды. Ең қуантарлығы, біздің аудан тұрғындарының нақты істер партиясы, халыққа жақын партияны, яғни «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтары.

Жаңа жыл қарсаңында Жақсы ауданы Подгорное ауыл тұрғындарымен облыстық және аудандық мәслихат депутатығына үміткерлер кездесу өткізді. Олар тұрғындарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі жеті бағыттарына тоқталып, сайлаушылардың ой пікірін тыңдап, өз назарларына алатынын айтты. Сонымен қатар, Нұр Отан партиясы бағдарламасының негізгі басымдықтары - ауылдағы халықтың жарқын болашағы мен әл-ауқатын жақсарту, әр өңір мен елді мекеннің әлеуметтік экономикалық дамуы үшін жеке міндеттер қойылуымен ерекшеленетінін атап өтті.

Кездесу соңында үміткерлер тұрғындарды 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, еліміздің жарқын болашағы, тұрақтылығы мен бірлігі үшін нақты істер партиясына дауыс беруге шақырды. Өйткені, «Nur Otan» партиясы әрдайым халықпен бірге!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Жақсы ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

16:59
480
Нет комментариев. Ваш будет первым!