Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Іс. Нәтиже. Сапа. «Nur Otan»партиясы

​Іс. Нәтиже. Сапа. «Nur Otan»партиясы

Сайлау алды жұмыстарына берілген үгіт-насихат уақыты тәмәмдалып қалды. Ендігі кезекте Қорғалжын ауданының тұрғындары 10-шы Қаңтар күні өтетін сайлауға бармақ. Өздеріңізге мәлім «Nur Otan» партиясының кандидаттары ретінде барынша айқын жұмыс атқаруға тырысты.

Еліміз қандай қиындықтардан өтсе де әрқашан «Nur Otan» партиясы халықпен бірге болды. Тіпті, сайлау болмаған күннің өзінде де атқаратын жұмыстары өте көп.

Бүгінгі таңда Қорғалжын ауданындағы ең басты мәселе тұрғындардың әлеуметтік жағдайы. Мысалы, партия бағдарламасы тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына және тарифтерге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша міндет қойылып отыр.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы келесі міндеттерді алдына қояды. Жаңа өткізу нарықтарын іздеу арқылы шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ету, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде несиелеудің қол жетімділігі мен ашықтығын арттыру. 

Бұл ретте жыл сайын 10-нан астам адам "Еңбек" бағдарламасы бойынша гранттар мен микрокредиттер алатын болады. 2025 жылға дейін "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жаңа бизнес нысандарын ашу үшін Бизнестің жол картасы-2025 бағдарламасы шеңберінде бизнесті кредиттеу тетіктерін пайдалануға ықпал ету. Сонымен қатар «Nur otan» партиясы әр уақытта жастар қоғамына үлкен қолдау жасап келе жатқан партия екеніне көзіміз жетті. 

Мәселен, жастар-әрбір мемлекеттің болашағы деген алғы сөзбен Nur Otan" партиясы мен оның "Jas Otan" жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің міндетіміз мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жастарды ауылдық жерлерге тарту және бекіту, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруы, әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.

"Nur Otan" партиясы алдағы уақытта қол жеткізеді: "Дипломмен ауылға"бағдарламасы бойынша білікті жас мамандарды тартуға ықпал ету. 2025 жылға дейін ауданға кемінде 10 жас маманды (әлеуметтік қолдау, тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы) тарту жоспарлануда. Ауданның шаруа қожалықтарымен және ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. 

2025 жылға дейін жастар арасынан 50 адам жаңа жұмыс орындарына орналастырылады. Жыл сайын кемінде 50 грант бере отырып, "Жас кәсіпкер" жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын іске асыруға және жастардың өз бизнесін ашуына жәрдемдесу. 

Қорғалжын ауылында "Сoworking center" ашу есебінен жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы және шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау. 

Бұл аудан жастарының 100% - ын іс-шаралармен қамтуға мүмкіндік береді. Барлық ауылдық округтерде еріктілер клубтарын құру арқылы еріктілер қозғалысын дамытуды ынталандыру. 

Спорт объектілерін, оның ішінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін, Спорт және "Workout" алаңдарын, футбол алаңдарын қайта жаңарту және салу мәселесін шешу де жоспарда бар. Міне, осының барлығын біз халықпен бірге жүзеге асыруға тырысамыз.

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясының сайлауалды қорынан төленді.

15:54
255
Нет комментариев. Ваш будет первым!