Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Біз үшін проблемаларды шешу басымдыққа ие

Біз үшін проблемаларды шешу басымдыққа ие

Есіл ауданында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. 5 қаңтарда облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Абай Жорабек Есіл ауданының ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының бірі «Ново-Приречное» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті.

Бұл ауыл шаруашылығы құрылымының көпжылдық даму тарихы бар. «Ново–Приречное» ЖШС директоры Валерий Николаевич Тюркин көпшілікке ауылдың, ауданның әлеуметтік дамуына үнемі қолдау көрсететін тәжірибелі, сауатты басшы, қайырымды кәсіпкер ретінде танымал.


Оның дана басшылығының арқасында ауыл шаруашылығы кәсіпорны тек Есіл ауданында ғана емес, облыс көлемінде де табысты кәсіпорындардың бірі болып табылады.


Автопарк және Орталық ток қызметкерлерімен кездесу барысында, Абай Жорабек «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Юбилейное ауылының тұрғындары ауылдан аудан орталығына қарай облыстық маңызы бар жолға жөндеу жүргізуге көмек көрсетуді сұрап, оны Абай Жорабек өз қадағалауына алды.


Медициналық ұйымдарды көлікпен және медициналық кадрлармен қамтамасыз ету - бұл сайлаушылар қойған міндеттердің бірі. Короновирусқа қарсы егу уақыты туралы мәселе қуантады. Бұл ауыл халқының вакцинация жүргізуге дайын екендігін және өз денсаулығына қамқорлық жасайтындығын білдіреді.


Сондай-ақ, кандидат 10 қаңтарда азаматтық парызын білдіріп, сайлау учаскесіне келіп, «Nur Otan» партиясына өз дауысын беруге шақырды.


Тізімдегі екінші, өмірдегі бірінші!!!


Кездесуге қатысушылар «Nur Otan» партиясына тұрақты көмек, қолдау және назар аударғаны үшін ризашылықтарын білдіріп, нақты істер партиясына, «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндеріне сендірді!

«Nur Otan» партиясы Есіл аудандық филиалының сайлау қорының қаражатынан төленді

16:00
286
Нет комментариев. Ваш будет первым!