Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Ашық партия, ашық пікірталас, ашық кездесу

​Ашық партия, ашық пікірталас, ашық кездесу

Көкшетау қаласы теміржол вокзалының қызметкерлері халық қамын ойлайтын саяси ұйымды таңдаймыз деп отыр. Қазақстандықтардың дұрыс таңдау жасайтын күні де жақындап келеді. «Nur Otan»партиясы атынан сайлауға түсетін кандидаттар облыс орталығындағы барлық дерлік мекеме, кәсіпорындарға барып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. 

Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихатына депутаттыққа үміткерлер Көкшетау теміржол вокзалы қызметкерлерімен кездесті. Әр кандидат партияның қалалық филиалының қаланы дамыту бойынша алға қойған мақсаттары мен жоспарларын ортаға салды. Олардың қатарында жеке кәсіпкерлер, медицина саласының өкілдері бар. «Партияның құрамына саналы түрде ендім. Бүгінгі күні қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып келемін. Мен бұл саяси ұйымның қарапайым халыққа қаншалықты көмек қолын созатынын көріп жүрдім және өзім де көмектесуге дайын тұрдым. Қазір партияның «Кәсіпкер» бастауыш ұйымына жетекшілік етемін. Әсіресе, жеке бизнесін ашып,жұмыс істегісі келетін жандарға ақыл-кеңесімді беріп, тиісті құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп, оны тапсыру жолдарын көрсетемін. Мен мемлекеттік қызметкер емеспін, қарапайым адаммын, алға қойған мақсатыма жету жолында еңбектендім. Алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan»партиясына дауыс беруге шақырамын», – деді жеке кәсіп иесі Гүлмира Құсайын. «Осы саяси ұйымның қолдауымен елімізде қаншама бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Елімізде жүзден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті ғұмыр кешуде. Біз бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымызға шүкіршілік етуіміз керек. Осында ауыр кезеңде үкімет пен осы саяси партия жұдырықтай жұмылып, халықты емдеуге қажетті модульдік стационарларды салды. Әр адам денінің саулығына жауапты болса, олардың саулығына осындай жауапкершілікті сезінетін ұйымдар жауапты. Алға тек осы партиямен алға басайық!»– деді дәрігер Ерлан Аяғанов. Кандидаттар Айдын Раисов, Мәриям Әбішевалар да өзге елде сұлтан болғанша, өз елімізде ұлтан болып, елдің ертеңінің жарқын болуына ат салысайық деді. Кездесуге келген теміржол вокзалының қызметкерлері «Nur Otan»партиясына сенім артатындарын айтып, дұрыс таңдау жасаймыз деді.

Жаңа жыл қарсаңында Көкшетау қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар «Колайзер» ЖШС директоры Владимир Шиманский, «Көкшетау жылу» КММ жылу желілерінің басшысы Руслан Мақышев, «Сейнұр» ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Сейдалин «Сейнұр» автобус паркі қызметкерлерімен кездесті. Жылы да жарқын жүздесу барысында спикерлер өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, «Nur Otan»партиясының өңірді және қаланы дамытудың жеті бағыты жайлы айтты. Руслан Мақышев еңбек жолын қарапайым жүргізуші болып бастаған және басшылық қызметке дейін адал маңдай терімен жеткен. Бүгінгі күні қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына жауапты, әсіресе қыс мезгілінде облыс орталығын жылумен сапалы қамту да аса маңызды. Шешімін күткен мәселе өте көп. Дау-дамай тудыратын тұстары да жетерлік.Сондықтан бұл саланың басшысына асқан жауапкершілік жүктеледі. Халықтың көңілінен шығу, сенімін ақтау оңай шаруа емес, ал депутат болғанда жауапкершілік еселене түседі. Кандидаттар Көкшетаудың күннен күнге көркейіп келе жатқанын және оны ары қарай да дамыта беру жергілікті тұрғындармен бірге атқарылатын шаруалар деді. Облыс орталығында жолаушылар тасымалы да жақсарып келеді. Жаңа автобустар жайлылықтың кепілі. Алдағы уақытта да автобус парктері жаңара түспек. Осының бәрі Көкшетауды жайлы қалаға айналдыру бағдарламасының бір парасы. Енді көгілдір отын мен жылу электр орталығы салынса, тіпті жағдайымыз жақсара түседі. Осының бәрі қарапайым халықтың мүддесіне жұмыс істейтін партияның алға қойған міндеттері. Әсіресе, қиын-қыстау уақытта бірігіп, «Біз біргеміз!» деп ұрандата жүріп, тұрғындарға қажеттісін жеткізіп берген де осы партияның өкілдері болатын. Сондықтан нақты істің ұйытқысына айналған «Nur Otan»партиясына дауыс берсеңіздер, алда атқарылар істердің басы-қасынан бірге табыламыз деді кандидаттар.

Мақала ақысы Көкшетау қалалық сайлау қорынан төленді.

12:51
285
Нет комментариев. Ваш будет первым!