Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Алма АДАХАНОВА, ҚР Мәдениет саласының үздігі: «Дұрыс таңдау жасау аса маңызды...»

​Алма АДАХАНОВА, ҚР Мәдениет саласының үздігі: «Дұрыс таңдау жасау аса маңызды...»

Біздің еліміз Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, осы күнге дейін тұрғындарымыз бақытты өмір кешіп келеді деп нық айта аламын. Өткен жылдарда қиындықтардың да орын алғаны жасырын емес, дегенмен халқымыздың басым көпшілігі қандай жағдай қалаптасса да ауыз біошілігін, ұлтаралық достық пен өзара түсіністіктерін таныта білді.

Өз басым әлі күнге жеткізген Аллаға шексіз шүкіршілік етемін. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев , Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаттарын , Нұр Отан партиясын толығымен қолдаймын. Түсіне білетін адам Тұңғыш Президентімізді қазағымыздың маңдайына біткен бақ жұлдызы деп тануы керек деп білемін. Нұрсұлтан Әбішұлы басшылық жасап отырған «Nur Otan» партиясының бейбіт, берік саясатының арқасында мемлекетіміз барша әлемге танылып, халықаралық қатынастар орнатып, қаншама қара қазақ ұрпақтарының бағы жанғаны ақиқат.

Рухани жаңғыру, басқа да мемлекеттік бағдарламалар негізінде ел жылнамасына тың рихи өзгерістер енгізіліп, қоғам мүдделері, еңкейген кәрі мен еңбектеген баланың жағдайы да толығымен ескеріліп, жан-жақты ойластырылған шаралар жоспары қабылданып, ойдағыдай жүзеге асырылуда. Мыңнан астам қазақстандықтар жылма-жыл сайын еңбектерінің зейнеттерін көріп, үздіктері тиісті марапаттарын, қосымша жәрдем - көмекақыларын, кезекпен пәтерлер алып жатыр. Осыдан артық қандай бақыт керек? Ең бастысы Еліміз аман, Отанымыз тыныш болсын...

«Елде болса ерінге тиед» деген қазақ даналығындай менде қоғамнан алшақтамай, халықпен бірге игі істердің нәтижелерін көріп, игілік, қуаныштардың куәсі болудамын.

Өзім қызмет атқарып жүрген «Зеренді аудандық Мәдениет үйі» де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтті. Мәдени ошағымыз жылы, әрі жарық. Бір сөзбен айтқанда жеміст еңбек етуге қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Осыған жауап ретінде ұжымымыздың жеткен жетістіктері де айтуға тұрарлықтай. Оладың ішінде өзім де былтыр, яғни 2019 жылы бірнеше республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты атандым. ҚР «Өнер саласының үздігі» деген құрмет медаліін иелендім. Қазіргі таңда Зерендіде тұрамын, аудандық Мәдениет үйінің қызметкерімін.

Күнделікті тыныс-тіршілігімде барға шүкір, барға қанағат, барға рахмет айтамын. «Nur Otan» партиясы құрылған сәттен бастап қазірге дейін халықпен етене, тығыз байланысын үзбеген, үзбейтін де қоғамдық құрылым екендігі өмір ағымымен дәлелденген шындық. Партияның тікелей атсалысуымен, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен еліміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдениет және спорт салаларында атқарған игі істері де ұшан теңіз дей аламыз, оған өздеріңіз де куәсіздер, олардың алдағы кезеңде жоғары үрдіспен жалғасары сөзсіз.

Сөз соңында барлық жерлестерімді алдағы, атап айтқанда 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау науқанына бір кісідей қатысып, өзінің нақты істерімен, еліміздің жедел қарқынмен өркендеп, дамуына белсенді атсалысып отырған «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыстарыңызды бересіздер деген ойдамын.

Зеренді ауданы Ақмола облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаттары есебінен төленді.

12:33
312
Нет комментариев. Ваш будет первым!