Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Біздің басты мақсат- әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арттыру!

Біздің басты мақсат- әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арттыру!

Аршалы ауданында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар, "Аршалы балалар шығармашылығы орталығы" МКҚК директоры Наталья Николаевна Коростелева және "Арай" ШҚ басшысы Берік Кимадиұлы Оспанов жастармен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Бүгін азаматтар "Nur Otan" партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Ол үшін біз жүйелі партиялық қайта жүктеуді және партия ішіндегі ашық сайлау – партияішілік іріктеуді өткізудеміз.

Партия барлығына ашық! Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

Біздің өңірді одан әрі дамыту жөніндегі Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды! – деп сөзін бастаған Берік Кимадиұлы жас буынды алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды.

"Nur Otan" партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.

Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау екендігін айтқан Наталья Николаевна 7 басым бағытпен таныстырып өтті.

«Жастар - әрбір мемлекеттің болашағы. Аршалы ауданында 7038 жас тұрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,5% құрайды. Ауданда жастар ресурстық орталығы, агротехникалық колледж жұмыс істейді, түлектерді жұмысқа орналастыру 96% құрайды. "Nur Otan" партиясы мен оның "Jas Otan" жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің міндетіміз мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерге тарту және орнықтыру, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуы, оның әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.

Бұл үшін "Nur Otan" партиясы:

- Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін 100 білікті жас маманды тарту;

- ауданның шаруа қожалықтарымен және ұйымдарымен меморандум жасау арқылы 200-ден астам жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту;

- "Жас кәсіпкер" жастар бизнес - бастамаларының бағдарламаларын іске асыру және жас адамдардың өз бизнесін ашуы, жыл сайын кемінде 30 грант бере отырып,;

- барлық ауылдық округтерде волонтерлік клуб құру жолымен волонтерлік қозғалысты көтермелеу.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,5% - дан 1,5% - ға дейін төмендейді»-деген жоспармен таныстырған кандидаттар, жастарды алдағы сайлауда белсенділік танытуға және "Nur Otan" партиясына дауыс беріп, қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

19:30
627
Нет комментариев. Ваш будет первым!