Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Nur Otanмен» нұрлы болашаққа!

«Nur Otanмен» нұрлы болашаққа!

Жақсы ауданында халықтың сенімді саяси ұйымы бола білген «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт – насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр. Канвассинг, «Есіктен есікке» акциясы, онлайн жүздесулер, өңірлерді аралап «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіру - облыс және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің күнделікті басты жұмысына айналды.


Осы күндері Ешім, Запорожье, Тарасов, Беловод ауыл өңірлерін аралаған үміткерлер, елмен етене жақын сөйлесіп,олардың мұң-мұқтажы мен ұсыныс,пікірлерін тыңдап, партияның сайлауалды бағдарламасында халықтың өмір сапасын жан-жақты жақсарту, халықтың таза ауыз сумен, сапалы жолдармен қамтылатындығы қарастырылғаны жайлы айтты.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Г.Е. Мұхамбетжанова - білім беру мәселелеріне, атап айтқанда, кадрлардың жетіспеушілігін шешу,жас мамандарды тарту, оларды тұрғын үймен және көтерме саудамен қамтамасыз ету мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қ.Қ. Құсайынов - өз кезегінде ауданда бұқаралық спортты дамыту жөніндегі жаңа жобалармен, жоспарлармен және идеялармен таныстырып, тұрғындарды олардың ауылында бокс және грек-рим күресінен секция ашу туралы жаңалықпен қуантты.

Витт В.В. - аудандық мәслихат депутаттығына үміткержаңа жұмыс орындарын ұсыну мақсатында өзінің шаруа қожалығын кеңейту туралы жағымды жаңалықпен, ауыл шаруашылығындағы жұмыс тәжірибесімен және болашаққа жоспарларымен бөлісті.

Ең жас аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Шарафутдинова Ю.И. - "жастарға арналған өңір" 4 басымдығына толығырақ тоқталды, өйткені өзі Жақсы ауданының Жастар ресурстық орталығының директоры болып табылады, еріктілер қозғалысын басқарады және жастардың барлық мәселелерін жақсы біледі.

Осы уақытқа дейін де ұдайы халықтың ортасынан табылып, сенімін ақтауға тырысқан «Nur Otan» нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шығып жүргеніне тоқталып өткен үміткерлер, «Nur Otan» партиясының әлі де алдағы уақытта халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс істеуді жалғастыратына уәде берді. Өз тарапынан ауыл тұрғындары да сайлауда партияны қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

Ендеше, 2020 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауда бәріміз бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс берейік!


"Nur Otan" партиясы Ақмола облысы Жақсы ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді

11:32
282
Нет комментариев. Ваш будет первым!