Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Nur Otan» партиясы: Жағдайды жасауға бәріміз жұмыламыз Павел Безверный

«Nur Otan» партиясы: Жағдайды жасауға бәріміз жұмыламыз Павел Безверный

«Nur Otan» партиясының атынан Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандитат «Орленок» ЖШС-нің директоры Павел Безверныйдың қатысуымен Бурабай кентінің Оқжетпес Мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездесу болып өтті. Санитарлық талаптарды берік сақтап халық қалаулысы болуынан үміткер Павел Безверный Бурабай кентінің тұрғындарына сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Өзі сенім артып, көпшіліктін қолдауына ие болып, нақты іспен, батыл қадамға бара алатын, қандай бағдарламаны қабылдаса да елдің әлеуметін көтеруге, оны жүйелі түрде жеткізуге барынша күш сала білетін партияның көшбасшы, еліміздің тәуелсіздігін алып беріп, қазақстандықтарға бақыт таңы, нұрлы заман, бақытты кезең ортатып отырған елбасымыздың салиқалы, сарабдал саясатының арқасында бүгінде дамушы, жетілуші елдің қатарынан табылып, аз жылдың ішінде жетістіктерге жетіп отырмыз,-деді өз сөзінде депутаттықтан кандитат.

Жалпы Бурабай ауданы туризмдік орталық екендігін барлықтарыңыз жақсы білесіздер, алыс-жақын елдерден дертіне шипа, жанына дауа іздеген талай адамдар ат басын бұрып, біздің Бурабайға келіп ем алып, демалып кетеді. Ауданымыз қарқынды өсіп, өркендеп өркениетке қол жеткізуге құлаш сермеп жатыр деп аудан экономикасынан да екжей-текжейлі баяндап берді. Ресурстық орталықтарымыз дамып, қарқынды өсіп ел ішіндегі жұмыссыздық біртіндеп ретке қойылып, мемлекет тарапынан қаржылар бөлініп, нақты жұмыстар оң нәтижесін беріп жатыр. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізінде «Ауыл бесігі», «Құтты мекен» жобалары іске асып, қазіргі таңда біршама аудандардың жолы, ішкі жүйелері, нақты бағытқа қойылып жөнделіп, халық игіліне жарап жатыр. Бұл әлі тың бастаманың басы.

Сонымен қатар ел ішіне кірген пандемияның тұсында әл-ауқаты нашар тұратын отбасыларға және мерзімінен бұрын еңбек демалысына кеткендерге арналып 42 500 теңгеден көмек көрсетілді. Көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналарды да назардан тыс қалдырып отырған жоқпыз. Тұрғын үй мәселесін шешіп, жеңілдету тетіктерін қарастырып, нақты батыл қадамға барып елдің экономикасын көтеріп жатқандығын да айтып өз ойымен бөлісіп, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Аталмыш кездесуде тұрғындар тарапынан сауалдар қойып, ҚР Парламент Мәжіліс депутаттығынан үміткер нақты сауалдарға, тұщымды жауаптар қайтарды.

Бұдан кейін Щучинск қаласындағы «Азия Құрылыс» ЖШС-нің жұмысшылар тобымен кездесіп «Nur Otan» партиясының атынан Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандитат «Орленок» ЖШС-нің директоры Павел Безверный сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихатын жалғастырды. Аталмыш бетон зауыты қазіргі күні ірі кәсіпорынның бірі. Қанша ма адамдарды жұмыспен қамтып, елдің экономикасын көтеріп отырған мекеме жұмысшылары мен қызметкерлеріне, еліміздегі жетекші партияның атқарып отырған жұмысы жайында кеңінен баяндады. Батыл қадамдар мен нақты жобаларға молынан мүмкіндік беріп отырған партияның болашақ бағдарламасына жіті тоқталып, көпшілікке еркін баяндап берді.

Жұмысшылар қауымы. Елбасының құрған «Nur Otan» партиясына сенім білдіріп өрлеу мен өсу арқылы жетіліп, тек қана жеңіс шыңдарынан көрініп отырған партияға сенім білдіріп, алдағы бақ пен бап бәйгеге түсетін кезеңде, бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін айтып, кандитатты қолдады.

Жалпы елбасының құрған партиясының еліміз үшін жасап жатқан игілікті істері көп. Елді тұрақтылықпен сақтап, болашағына мақсат қойып, көркейіп гүлденуіне себепкер болып отырған партияға бурабайлықтар жұмылған жұдырықтай болып дауыс беретіндіктерін айтып жатыр.

Демек, «Nur Otan» партиясының атынан ҚР Парламент Мәжілісіне көптін тілегін арқалап баратын азаматқа сәт-сапар тілеп отырғаның айтып жеткізгіміз келеді.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

10:55
242
Нет комментариев. Ваш будет первым!