​«Nur Otan» партиясының жоспарында – жастармен табысты жұмыс істеу қарастырылған

​«Nur Otan» партиясының жоспарында – жастармен табысты жұмыс істеу қарастырылған

Жастар – еліміздің болашағы, дәл осы өскелең ұрпақтардың алдында , жоғары буын өкілдерінің жолын жалғастырып, басталған реформаларды, кемелді, экономикалық қуатты мемлекет қалыптастыруды жалғастырып, айтулы белес-Қазақстанның ең дамыған отыз елдің қатарына енуді жүзеге асыру міндеті тұр.

Зеренді ауданын жеті мыңнан аса жастар мекендеуде. Олардың басым бөлігі белсенді азаматтық ұстанымдары , өз елді мекендерінің қоғамдық өмірлеріне белсенді атсалысушы тұлғалар. Студенттер, жұмысшылар, жас кәсіпкерлер, спортшылар және шығармашыл жандардың әрқайсысы қалаған бағыттарында өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, өз өлкесіне пайда келтіруге талпынуда. Осы істерде оларға «Nur Otan» партиясы, қажетті жағдайлар жасап, өзінің жастар қанаты болып табылатын – Жас Отанның жұмысын іскерлікпен бағыттау арқылы жан-жақты көмектер көрсетуде.

Зеренділік жастардың үлесінде көптеген қызықты, тиімді істер бар. Олардың қатарынан, көптеген тұрғындарымызға пандемия кезінде материалдық, моральдық және нақты көмек пен қолдау қажеттілігі туындағандағы волонтерлік (ерікті) қызметтің жоғары деңгейде көрсетілуін ерекше атап өтуге болады. Біздің жас жігіттеріміз бен қыздарымыз экология талаптарының сақталуына атсалысып, орманды қорғау акцияларына т.б., елді мекендерді жайғастыру, көшелерді қалыпты жағдайға келтіру шараларына қатысып, айтуға тұрарлық игі шараларды жүзеге асырды.

Шағалалы ауылындағы жоғары агробизнес колледжінің волонтерлік қызметі өзін жоғары тұғырдан көрсетуде. Аталған құрылым бірнеше жылдан бері балалар үйлеріне қайырымдылық көмектер көрсетуде. Мұның бәрі көптеген игі істерге бастама көтеріп, орындалуына белсене атсалысқан нұротандықтардың, жасотандықтардың қатысуымен жүзеге асуда.

«Nur Otan» партиясының жоспарында – өскелең ұрпақтың болашақта мемлекетіміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күшіне айналуы үшін жастармен ары қарай табысты жұмыс істеу қарастырылған.

Атап айтқанда, Сайлауалды бағдарламада жастармен жұмыстағы басты назар әлеуметтік сатылар құруға, жас отбасылардың тұрғын мекенжаймен қамту, сапалы білім алу проблемаларын шешу аталып өтілген.

«Nur Otan» партиясы қолдау шаралары ретінде жыл сайын кемінде 70 жастың, оның ішінде 50 адамның жазғы кезеңде «Жасыл Ел» еңбек отрядтарын құру негізінде жұмысқа орналасуларына ықпал жасайды. Өз әл-ауқатын көтеру мақсатында жыл сайын кемінде елуге тарта жастар «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша оқудан өтеді. Партия жыл сайын 4 волонтерлік жобаларды, өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша

жастарға кеңестер беру жұмыстарын жүзеге асыру арқылы волонтерлік қызмет торабын кеңейтуге аса назар аударатын болады.

Мұның барлығы 2025 жылғы кезеңге дейін жұмыссыз жастар деңгейін 3,1 ден 2,8 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.

Ауданымызда жастарымыздың сұраныста, істері ойдағыдай, бәсекелестікке қабілетті болулары үшін, оларды бұқаралық спортпен шұғылдануларына , көркемөнерпаздықпен, шығармашылық және ғылыми қызметпен айналысуларына қажетті жағдайлар жасалған. «Nur Otan» партиясы да жастардың шығармашылық, кәсіби мүмкіндіктерін жоғарылатуға, алған білімдері мен тәжірибелерін нақты жағдайда қолданулары үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын болады.

«Nur Otan» партиясына дауыс берсеңіз, сіз өз балаларыңыздың, еліңіздің болашағы үшін дауыс бересіз!

Зеренді ауданы Ақмола облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаттары есебінен төленді.

21:18
69
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!