Жастардың бизнес-бастамаларына қолдау көрсету керек
«Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихатына депутаттығынан үміткер Талғат Құмарұлы Жапаров жергілікті кәсіпкерлер және қала тұрғындарымен кездесіп сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Еліміздегі «Жас кәсіпкер» жастар бизнес бастамаларының бағдарламасын іске асыруға және жыл сайын 3 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін бастауына қолдау көрсетіп келе жатыр.
Щучинск қаласында волонтерлік клуб құру арқылы волонтерлік қозғалысты дамытуды көтермелеу және жыл сайын кемінде 2 волонтерлік жобаны іске асыруға жәрдемдесіміз,-деп бастады әңгімесін Талғат Құмарұлы. «Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтіп отыр. Ауданда 19,9 мың жас немесе тұрғындардың жалпы санының 23,3% тұрады. Бұл жастарды заман талабына сай қалыптастырып, елдің экономикалық тұрғыдан көтеруіне ықпал жасап, кем жеріне кірпіш қылып қалауды аға буынның жинаған тәжірибесі арқылы тәрбиелеу керек. Құдайға шүкір, қазіргі күні аз жылдың ішінде еліміздің еңсесі көтеріліп, біраз шаруалар атқарылып оң нәтижелі жұмыстар жүріп жатыр. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартып әлемдік нарықта бәсекелестікпен жұмыс істеу бүгінгі заман талабы.
Щучинск қаласы облысымыз бойынша ірі ауданның бірі, бұл жерде кімге болсын жұмыс істеуге, өзінің кәсібін дөңгелетуге мол мүмкіндік бар. Әсіресе, туризмдік бағыттарды жұмыс істеп, өзіміздің табиғаты сұлу, ауасы таза жерде туризмге түрлі жобалар ашып, мақсатты түрде еркін қадамға барып, мемлекетіміздің нығайып, одан әрі күш алуына ықпал жасауымызға жол ашылып отыр. «Nur Otan» партиясының бағдарламасындағы елдің әл-ауқатын көтеруге арналған тапсырмаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, елбасының партиясымен бірге болашаққа нық қадам жасап, халқымыздың өмір деңгейін жақсартуға аянбай еңбек етеміз,-деді өз сөзінде Талғат Құмарұлы.
Жиын барысында аудандық мәслихат депутаттығынан үміткерге сауалдар қойылып, жауаптар қайтарылды. Талғат Жапаров алда келе жатқан халық қалаулыларың сайлайтын кезеңде бәріміз бір ауыздан нақты іспен, батыл қадамға бара алатын «Nur Otan» партиясына дауыс береді деп кездесуге жиналғандарға нық сенім білдірді.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.