«Nur Otan» партиясының мақсаты – адам өмірінің сапасын арттыру

«Nur Otan» партиясының мақсаты – адам өмірінің сапасын арттыру

«Nur Otan» партиясының аумақтық филиалында аудандық мәслихатына депутаттыққа үміткерлер Атбасар аудандық көпсалалы мамандандырылған ауруханасының өкілдерімен кездесті. Бүгінде еліміздің басты партиясынан нақты істер мен жаңа бастамалар күтілуде. «Nur Otan»-ның басты мақсаты – аудан халқының өмір сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру.


Аурухана қызметкерлері алдында аудандық емхана меңгерушісі С. Молодикова «Nur Otan» партиясының саулауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды. Соның ішінде «Әлеуметтік-бағытталған» аудан басымдығы жайлы тәптіштеп айтып берді. Партия бар күшін аудан халқының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, сапалы білімге, медицинаға және әлеуметтік қызметке қол жеткізуге жұмсауда. Осы ретте ана мен бала өлімін болдырмау, түрлі қауіпті ауруларды алдын алу үшін жыл сайын скрининг жасауды мақсат етеді. Емхананың жөндеу жұмысы, аурухананың ас дайындау блогын, кір жуу орнының, негізгі корпустың қас бетін күрделі жөндеуден өткізу – партилықтардың назарында тұр. «Nur Otan» партиясы коронавируспен күресті күшейтуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз етуге, медицина кадрларын тартуға әрекет етеді.

Аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткер М. Токарев «Nur Otan» партиясы аудан жастарының мәселесіне көңіл бөлуде. Жастар – ел болашағы. Партия жастармен жұмыс істей отырып, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылардың баспана мәселесін шешуге, жұмысқа орналастыруға, білім алуға мүмкіндік жасауда.

Депутаттыққа үміткер Р. Зараховтың айтуынша, келесі жылы 12 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүзеге аспақ. Оның ішінде Ақан Құрманов көшесі де жөндеу көреді. Атбасар ауданы – әрбір тұрғын үшін қауіпсіз аудан болуы тиіс. Осы мақсатта аудан көшелеріне бес жаңа бейнекамералар қойылды. Жабай өзенінің түбін тазалау, көктемгі су тасқынынан қорғау үшін қорғаныс дамбаларын салу жоспарланған.

Қиындықты бірге еңсеріп, жеңіске жетеміз! «Nur Otan»-ға дауыс бер!

«Nur Otan» партиясы Сайлау қорының Ақмола облысы Атбасар ауданы қаражатынан төленді

12:21
60
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!